Қазақстан Google компаниясымен ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық технологияларды дамытады
Цифрландыру министрі Жаслан Мадиев Dubai Internet City-де Google өкілдерімен кездесу өткізді. Негізгі тақырып - аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанды Орталық Азияда және одан тысқары жерде инновациялық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық хабқа айналдыру мәселесі болды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
• Біліктілікті арттыру бағдарламасы: Мемлекеттік қызметшілер мен Al-офицерлерді – мемлекеттік және жекеменшік секторларда жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу және дамыту мамандарын оқыту жоспарлануда. Google компаниясымен серіктестік аясында оқыту әлемдік стандарттарға сәйкес өтеді, бұл елдің цифрлық трансформациясы үшін маңызды қадам болмақ.
• IT-мамандарды қолдау: BigTech компанияларының бірімен ынтымақтастық қазақстандық IT-кадрларға кәсіби өсуге серпін беретін озық білім мен технологияларға қолжетімділік ашады.
• alem.ai базасында ынтымақтастық: Google alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының бастамаларын қолдауды жоспарлап отыр, бұл ғылыми зерттеулер мен технологиялық стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Google – әлемдегі ірі технологиялық компаниялардың бірі, бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверді басқарады және күн сайын миллиардтан астам іздеу сұрауларын өңдейді. Осындай компанияда білім алу Қазақстанның IT-индустриясы үшін ерекше тәжірибе мен болашағы мол мүмкіндіктер береді.
Бұл қадамдар Қазақстанның аймақтағы технологиялық көшбасшылығын нығайтуға және ЖИ мен цифрлық технологияларды енгізу үшін тұрақты негіз жасауға бағытталған.