Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары бойынша ұлттық цифрлық дерекқорын құруда
Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары бойынша ұлттық цифрлық дерекқорын құруды жоспарлап отыр. Бұл дерекқор мәдени және тарихи ескерткіштер туралы ақпаратты жүйелеуге және орталықтандырылған түрде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық Бүкіләлемдік мұра комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Дмитрий Воякин мәлімдеді.
Маманның айтуынша, Қазақстан мәдени мұраны қорғау саласында елеулі әлеуетке ие, ал отандық мамандардың номинацияларды әзірлеуге қатысуы ғылыми деңгейдің жоғары екенін дәлелдейді.
Ол цифрлық дерекқор ашық, өзекті және ғылыми негізделген болуы тиіс екенін, нысандардың жағдайы, олардың шекаралары мен буферлік аймақтары, басқару жоспарлары мен құжаттамасы туралы мәліметтерді қамтуы керектігін айтты. Бұл мониторинг пен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығы алдында есеп берудің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени құндылықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне интеграциялануын күшейтуге мүмкіндік береді.