Қазақстан мен Орталық Азияда «Tomorrow School» мектебі жасанды интеллект дағдыларын үйретеді
4 қарашада Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында 13-ші Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев бастаған делегация қатысты.
Жаслан Мадиев өз сөзінде Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін, инновациялық экожүйенің дамуын, стартаптарды қолдау мен жасанды интеллект технологияларын түрлі салаларға енгізу барысын атап өтті.
Министр: «Бұл көрсеткіш біздің дамып келе жатқан IT-секторымыздың арқасында қолдау табуда, онда 200 000-нан астам маман жұмыс істейді және жыл сайын IT бағытында шамамен 40 000 түлек дайындалады. Сондай-ақ Қазақстан – әлемдегі ең көне әрі ірі ғарыш айлағының отаны, бұл біздің технологиялық прогреске берік бейілділігімізді айқындайды. Осындай мықты негізбен біз цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне дайынбыз деп сенеміз», – деді.
Мадиев Орталық Азиядағы ең ірі технопарк – Astana Hub-тың стартаптар мен жаһандық инновацияларды қолдаудағы маңызды рөлін де атап өтті. Бүгінде Astana Hub-тың 1500-ден астам резидент-компаниялары бар, оның ішінде 400-ден астамы халықаралық. Соңғы бес жылда технопарк қатысушылары шамамен 555 миллион доллар инвестиция тартып, 1,9 миллиард доллар табыс тапты, бұл экожүйенің жоғары әлеуетін көрсетеді.
Отырыс аясында Цифрлық даму министрлігі NSDS Digital Investments компаниясымен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Жаслан Мадиев пен NSDS Digital Investments негізін қалаушылардың бірі Николя Садирак қол қойып, Қазақстан мен Орталық Азияда цифрлық және жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамытуға бағытталды. Астана Hub бастамаға негізгі қатысушы болып, 01Edu платформасы негізінде «Tomorrow School» инновациялық бағдарламалау мектептерінің желісін құруды қолдайтын болады. Жоба сондай-ақ ИИ бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуді, қазақстандық таланттарды халықаралық деңгейде ілгерілетуді және білім алмасуды қамтиды.
Tomorrow School Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі болмақ, ол 01 Edu платформасында тегін білім беруді ұсынып, бағдарламалау дағдыларын алдын ала талап етпейді. Бұл жоба Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жөніндегі стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.
«Ұлттық ИИ орталығы Alem.AI инновациялардың катализаторы болады, жыл сайын 100-ге дейін стартапты іске қосып, Қазақстанды жасанды интеллектті дамыту және қолдану саласындағы көшбасшы ретінде қолдайды», – деп түйіндеді Жаслан Мадиев.