Қазақстанда «AI-Sana» стартаптарды бизнес-акселерациядан өткізу бағдарламасы іске қосылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін стартаптардың жедел дамуына арналған «AI-Sana» бағдарламасын әзірлеу басталғанын жариялады.

Бағдарлама жасанды интеллектті түрлі салаларда қолдануға бағытталған инновациялық жобаларды қолдауға арналған. Стартаптар үшін зияткерлік капиталдың негізгі көзі елдің жетекші жоғары оқу орындары болмақ.

«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд Жоғары білім мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп әзірленген курстарды оқиды. Жыл соңына дейін жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап-команда құруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

«AI-Sana» Қазақстанда жас кәсіпкерлерге озық технологияларды дамытуға қажетті білім, ресурстар және қолдау алуға мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

TSARKA қолдауымен