Қазақстанда алғашқы Halyk OIY Tech атты IT конференциясы өтеді

21 қазан күні Алматы қаласында Halyk компаниясы ұйымдастырғанеліміздегі алғашқы IT конференция – Halyk OIY Tech өтеді. Іс-шараға 650-ден астам қатысушы, соның ішінде тәжірибеліәзірлеушілер, архитекторлар, инженерлер мен финтех индустриясының жетекшілері қатысады.

Конференцияның ұйымдастырушысы – Қазақстандағы ең ірі банк Halyk. Іс-шара цифрлық төлемдер саласындағы жаһандықкөшбасшы Visa компаниясымен серіктестікте өткізіледі. Конференция тәжірибе алмасу, технологиялық үрдістерді талқылаужәне қаржылық технологиялардың болашағын бірлесе дамытуғаарналған алаңға айналады.

Halyk OIY Tech – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес. Қатысушыларды келесідей мазмұнды бағдарламалар күтеді:

• SuperApp Halyk және Onlinebank жобаларыныңтәжірибесінен алынған қолданбалы кейстер;

• архитектуралық шешімдерге арналған техникалық сессиялар;

• ауқымды жүйелермен жұмыс істейтін сарапшылардың кәсібиұсыныстары;

• нетворкинг пен мансаптық өсімге арналған бірегеймүмкіндіктер.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – банк секторындажасанды интеллектіні тәжірибелік тұрғыда қолдануға арналған«Финтехтегі жасанды интеллект» трегі болмақ. 

Қатысушылар Halyk Tech бөлім басшылары мен шешімархитекторларының баяндамаларын тыңдап, жасанды интеллектінінақты бизнес-процестерге енгізу тәжірибесімен танысады.

Сессиялар аясында негізгі тақырыптар қарастырылады:

• Gen-AI және бизнес: генеративті технологиялар өнімдердідамыту тәсілін қалай өзгертеді және тиімділікті арттырады;

• Болашақтың цифрлық банкі: жасанды интеллектінің идеяданөндірістік енгізуге дейінгі жолы;

• Миллиондаған клиенттер үшін дербестендіру: жеке клиенттіктәжірибе қалыптастыру үшін деректер мен модельдердіпайдалану.

Halyk OIY Tech конференциясы Қазақстан Президентінің соңғыЖолдауында атап өтілген міндеттерге – жасанды интеллектіні жеделенгізу мен экономиканы цифрландыруға жауап береді. Бұлконференция IT мамандары арасындағы тәжірибе алмасуға арналғанжаңа платформа болмақ, онда финтехтің болашағын айқындайтыннақты міндеттер, архитектуралық шешімдер мен технологияларталқыланады. Бастама саланың жетекші ойыншыларын – Halyk пен Visa компанияларын біріктіріп, цифрлық өнімдер жасап, Қазақстанның өңірлік технологиялық көшбасшылығын дамытыпжүрген мамандар үшін білім мен тәжірибе алмасу кеңістігінқалыптастырады.

Конференцияда Halyk пен Visa компанияларының сарапшылары, сондай-ақ шараның арнайы қонағы – inDrive компаниясының негізінқалаушы әрі СЕО Арсен Томский сөз сөйлейді. 

Конференцияға қатысу тегін. Тіркеуден өтуді іс-шараның ресмисайтында жасауға болады Halyk OIY Tech.

TSARKA қолдауымен