Қазақстанда “Болашақ Ойындары” қашан өтеді?

Халықаралық турнир 2026 жылы 18 шілде мен 1 тамыз аралығында Астанада өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.

Турнирге 100-ге жуық елден 1500-ден астам спортшы қатысады. Екі аптаға созылатын жарыстар физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін 13 фиджитал-дисциплинаны қамтиды.

Бекітілген дисциплиналар:

• Phygital Football

• Phygital Fighting

• Phygital Basketball

• Phygital Dancing

• Phygital Hockey

• Phygital Shooter

• Phygital Battle Royale

• MOBA 1 және MOBA 2

• Phygital Drone Racing

• Battle Bots

• Phygital Boxing

• Cybathletics

Ашылу және жабылу салтанаттары кең ауқымды технологиялық шоу ретінде өтеді: AR, 3D-mapping, лазерлік эффектілер мен әлемдік жұлдыздардың қатысуы жоспарлануда.

Жүлде қоры — 10 миллион доллар. Бұл сома 13 дисциплинаға бөлініп беріледі. Барлық қаражат — бюджеттен емес, тек демеушілер есебінен қалыптастырылады.

TSARKA қолдауымен