Қазақстанда Даун синдромы бар адамдарға цифрлық сауаттылық үйретілуде

«Касперский Зертханасы» Даун синдромы бар адамдарды цифрлық сауаттылыққа оқытуға бағытталған қайырымдылық жобаларының географиясын кеңейтуде. Компания «Күн бала» қорымен ынтымақтастықты бастап отыр – қор үшін компьютерлік сынып ашуға арналған техника мен әдістемелік құралдар берілді. Бұл құралдар Даун синдромы және басқа да менталды ерекшеліктері бар адамдарға киберсауаттылық саласындағы қажетті білім алуға көмектесуге арналған. Әдістемелік құрал Ресейдегі «Синдром любви» қорының педагогтары мен әдіскерлерімен бірлесіп жасалған және мұғалімдер мен ата-аналарға арналған. Материалдарды кез келген адам қордың  сайтынан тегін жүктей алады.

Әдістемелік құралда сабақ жоспары, презентациялар және 47 карточкадан тұратын жиынтық бар. Бұл карточкалар Даун синдромы бар адамдардың қабылдау және оқыту ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған. Онда компьютер, тышқан, пернетақта, тачпад және интернетке қосылуға қажет басқа да техникалық құралдардың не үшін қажет екені түсіндіріледі, сондай-ақ желідегі мінез-құлық пен қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Карточкаларда ақпаратты түсінікті жеткізу тәсілі –  жеңіл тіл қолданылады: мәтін қысқа сөздермен, ашық фонда, қарапайым қаріппен және жол аралық кеңістігі үлкен етіп жасалған, бұл зияткерлік ерекшеліктері бар адамдарға ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді.

«Бұрын қор ұйымдастырушылары мен ата-аналар цифрлық сауаттылықты қарапайым және түсінікті түрде түсіндіру үшін материалдарды өздері ойлап табатын. Енді осы ынтымақтастықтың арқасында бізде менталдық ерекшеліктері бар балалар мен ересектерді оқытудың барлық қыр-сырын ескеретін толыққанды құралдар жинағы пайда болды. Даун синдромы бар адамдарға сенгіштік тән. Бұл құрал мен карточкалар интернеттегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін қолжетімді әрі ыңғайлы түрде түсіндіруге көмектеседі», – деді «Күн бала» қорының құрылтайшыларының бірі Елена Куцакова.

Жоба авторлары карталар мен оқу құралы Даун синдромы бар пайдаланушыларды ғана емес, сонымен қатар егде жастағы адамдарды, мектеп жасына дейінгі балаларды және бастауыш сынып оқушыларын оқытуда пайдалы болатынын атап өтті.

«Даун синдромы бар адамдар да, басқа интернет пайдаланушылары сияқты, интернеттің мүмкіндіктерін зерттегісі келеді. Сондықтан оларға киберқауіптер, зиянды бағдарламалар мен ақшаны немесе құпия деректерді ұрлауға бағытталған алаяқтық схемалар туралы білу өте маңызды. Біз көп жылдан бергі серіктесіміз – „Синдром любви“ қайырымдылық қорымен бірге менталдық ерекшеліктері бар адамдардың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектестік және бұл жобаны басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда да „Күн бала“ Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету қорымен бірге жүзеге асыра бастадық», — деді «Касперский Зертханасы» компаниясының тұрақты даму жобаларының жетекшісі Мария Лосюкова.
«Біз қауіпсіз әлем құрып жатырмыз, ал киберқауіпсіздік туралы хабардар болу — осы үрдістің маңызды бөлігі. Компания интернеттің әртүрлі пайдаланушыларының, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ұмтылады. Біз үшін оларға көмектесу маңызды, себебі әрбір адам қауіпсіз цифрлық өмір сүру құқығына ие болуы тиіс», — деп атап өтті «Касперский Зертханасы» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
"АТ ұйымдарымен, соның ішінде "Касперский зертханасымен" бірлесіп, Біз "Цифрлық қоғам" жобасын құрдық. Ол кибер алаяқтық қаупі туралы халықты хабардар етуге ғана емес, сонымен қатар цифрлық теңсіздікпен күресуге бағытталған. Сондықтан біз серіктесіміздің осындай маңызды бастамасын құптаймыз және оны осы жобаны іске қосу сәтінде сөз сөйлеумен қолдадық. Ақпараттық қорғау саласындағы сарапшылардың қол жетімді материалдары мен әдістемелік құралдары неғұрлым көп болса, бизнес білім беру бастамаларына неғұрлым жиі тартылса, біздің елімізде цифрлық сауаттылықтың жалпы деңгейін көтеру және цифрлық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", — деп хабарлады "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова.

TSARKA қолдауымен