Қазақстанда eGov порталы арқылы автокөліктерді онлайн тіркеу сынақтан өтуде
Қазақстанда автосалондардан сатып алынған көліктерді тіркеу рәсімін жеңілдету жоспарлануда. Цифрлық даму министрлігі электрондық үкімет порталы арқылы автокөліктерді онлайн тіркеуді сынақтан өткізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Портал арқылы мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады:
● көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке қою және жекелеген түрлерін есептен шығару (көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша);
● көлік құралын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру.
Пилоттық жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі – 2026 жылғы 31 тамызға дейін. Бастама МЦРИАП пен ҚР ІІМ бірлесіп жүзеге асырылады.
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.