Қазақстанда киберқауіпсіздік саласындағы ұлттық даму институты айқындалды

ҚР Үкіметі Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жаңа ұлттық даму институты ретінде Цифрлық үкіметті қолдау орталығын белгіледі. Тиісті қаулы 2025 жылғы 6 мамырда қол қойылды.

Орталық Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанында жұмыс істейді және мемлекеттік деңгейде киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерді үйлестіру, дамыту және енгізу жұмыстарымен айналысады.

Бұған дейін бұл функцияны ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты атқарған болатын. Енді бұрынғы қаулы ресми түрде күшін жойды.

Бұл шешім цифрлық қауіпсіздікке деген тәсілдерді өзектендіру және елдегі киберқорғаныс инфрақұрылымын нығайту шеңберінде қабылданды.

TSARKA қолдауымен