Қазақстанда қытайлық компанияның спутниктік интернеті сынақтан өткізілді

Алматы облысында Қытайдың Shanghai SpaceSail компаниясының спутниктік интернетін сынақтан өткізу іске асты. Тестілеуге технологияны көрсету үшін Қазақстанға арнайы келген компания мамандары қатысты. Сынақ барысында қосылу жылдамдығы 200 Мбит/с дейін жетіп, бұл технологияның жоғары әлеуетін дәлелдеді.

Shanghai SpaceSail жүйесі төмен орбиталы спутниктік байланысқа негізделген. Мұндай спутниктер шалғай және қолжетімсіз аймақтарда да тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға мүмкіндік береді, бұл жерлерде талшықты-оптикалық желілерді салу экономикалық немесе техникалық тұрғыдан қиын.

Жоба цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған. Спутниктік интернеттің көмегімен ауылдық мектептерді, медициналық мекемелерді, мобильді топтарды және инфрақұрылым нысандарын байланыспен қамтамасыз ету көзделуде. Бұл ауылдық елді мекендердегі телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Серіктестікті дамыту аясында қазақстандық делегация Шанхай қаласындағы Shanghai SpaceSail компаниясының бас кеңсесіне барып, технологиялық шешімдермен және өндіріс процесімен танысты. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Жоспар бойынша, компания 2026 жылы Қазақстанда өз қызметін бастауды көздеп отыр.

TSARKA қолдауымен