Қазақстанда логистика мен транзит саласында цифрлық трансформация басталды

Цифрлық даму министрлігі көлік-логистика саласын цифрлық трансформациялау бойынша ведомство аралық жобалық топ құру бастамасын көтерді. Топқа ҚР цифрландыру министрі Жаслан Мәдиев төрағалық етеді.

Жобалық топ құрамына Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның және авиация мен логистика нарығындағы негізгі ойыншылардың өкілдері енді.

Топтың мақсаты – транзиттік және мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі цифрлық шешімдерді әзірлеу.

Басты міндеттер:

● логистикадағы бизнес-процестерді реинжиниринг жасау;

● қолданыстағы ақпараттық жүйелерді талдау және біріктіру;

● нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

● саланың ІТ-инфрақұрылымының мақсатты архитектурасын әзірлеу;

● стратегиялық тораптарда, соның ішінде «Хоргос» ХШЫО-да цифрлық шешімдерді енгізу;

● ҚТЖ жүйелеріндегі логистикалық деректерді Smart Data Ukimet мемлекеттік деректер жүйесіне беру және өңдеу;

● халықаралық үздік тәжірибелерді бейімдеу.

Жобалық топ апта сайынғы спринт форматында жұмыс істейді, бұл барлық бағыттар бойынша тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз етеді.

Міндеттерді жедел және мақсатты жүзеге асыру үшін салалық ведомстволар мен ұйымдардың қызметкерлері жобалық топтың жұмысына толықтай жұмылдырылды.

TSARKA қолдауымен