Қазақстанда отандық ЖИ шешімдерін енгізуге жауапты мемлекеттік органдар бекітілді

Қазақстанда отандық жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін енгізу мен ауқымдау үшін жауапты мемлекеттік органдар бекітілді. Тиісті өкімге Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжаттың мақсаты – IT-компанияларды қолдау және ЖИ-дің экономиканы дамыту мен мемлекеттік басқаруда қолданылуын кеңейту. Орындауды бақылау міндеті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелді.

Әр министрлікке бекітілген жобалар:

  • АШМ – Agrohub: Agritech (суару кезіндегі су тұтынуды спутниктік бақылау);
  • Әділет министрлігі – Justice RK (құқықтық сараптамаға арналған ЖИ-ассистент), ЖИ-сот сарапшысы («ALSECO» АҚ);
  • Денсаулық сақтау министрлігі – Cerebra (инсульт диагностикасы), AI Dentis (стоматология), WDSOFT (онкология радиологиясы), Arlan Biotech (наноденелер және жедел тесттер), Remedii (ЖИА науқастарымен жұмыс), MED365 (жедел медтексерулер);
  • Еңбек министрлігі – ProtectorAI (мектептер мен әлеуметтік мекемелерде буллинг пен агрессияны анықтау);
  • Көлік министрлігі – BinY (логистиканы автоматтандыру);
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі – Kazdream: Supervision (ақпараттық тәуекелдер мен қақтығыстарды анықтау);
  • Оқу-ағарту министрлігі – AI Kitap (жекелендірілген цифрлық оқулық), Alaqan (алақан тамырлары бойынша биометриялық сәйкестендіру);
  • Индустрия министрлігі – Surfaice.Pro (құрылыс жобаларына ЖИ-мамандар), Humanity.ai (іргелі ЖИ-модель), Baspana Hub (онлайн-ипотека және тұрғын үй экожүйесі);
  • Су ресурстары министрлігі – YSL (күн энергиясымен автоматты суару жүйесі);
  • Туризм және спорт министрлігі – OlympIQ (спортты дамыту платформасы);
  • Цифрлық даму министрлігі – Gov Workspace (мемқызметкерлерге арналған корпоративтік платформа), Axellero.io (low-code платформа), Biometric.vision (қашықтан сәйкестендіру);
  • Экология министрлігі – Emissions.kz (шығарындылар мен қалдықтарды экобақылау);
  • Энергетика министрлігі – Derek Suite (мұнай-газ саласындағы деректерді тексеру);
  • Ұлттық банк, ҰҚК, АРРФР (келісім бойынша) – Kazdream: Антифрод (мессенджерлер мен интернет-трафиктегі алаяқтықпен күрес).

TSARKA қолдауымен