Қазақстанда тау-кен саласына ЖИ мен цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу ұсынылуда

Қазақстанда геологиялық және тау-кен отводтарын беру мен қайта ресімдеу процесі толығымен цифрландырылды. Бұл пайдаланушылар үшін тиімділік пен ашықтықты арттырып, рәсімдерді жеңілдетті. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Бұрын өтініштер қағаз түрінде, пошта арқылы немесе e-Otinish арқылы қабылданатын. Қолмен тексеру рәсімді баяулатып, қателіктерге себеп болатын. Енді барлық процесс minerals.e-qazyna.kz платформасына көшірілді — мұнда автоматты шектеу тексерісі бар интерактивті карта қолжетімді.

Нәтижесінде рәсім кезеңдері 45%-ға, ал бизнес-рольдер 35%-ға қысқарды. «Бұл пайдаланушылардың сенімін арттырып, адами фактордың ықпалын азайтты», — деді министр.

Цифрлық тау-кен стартаптарының кірісі — 5 млрд теңгеден асты

Astana Hub экожүйесі аясында тау-кен секторына арналған ІТ-шешімдер әзірлейтін компаниялар 5 млрд теңгеден астам табыс тапқан. Бұл стартаптар жоспарлау жүйелерін, кен орындарының цифрлық егіздерін, мониторинг және талдау жүйелерін жасап жатыр. 100-ден астам жұмыс орны құрылған.

Келесі қадамдар — IoT, 5G және ЖИ арқылы экобақылау

Министр саланы цифрландырудың келесі кезеңдеріне тоқталды:

• Индустрия 4.0-ді жедел енгізу;

• шалғай кәсіпорындарды жоғары жылдамдықты интернет және IoT желісімен (5G немесе спутник арқылы) қамтамасыз ету;

• экологиялық мониторингті сенсорлар мен ЖИ көмегімен дамыту — мысалы, ауа мен судағы ластануды нақты уақытта бақылау.

Министрдің айтуынша, цифрландыру бақылау мен қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, өңірдің тұрақты дамуына да жағдай жасайды.

Цифрға көшу қарқыны:

2024 жылы недропайдалану саласында 979 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 87,6%-ы — 919 млн қызмет — онлайн форматта жүзеге асырылған. Қазір 15 қызметтің 14-ін электронды түрде алуға болады.

Ең көп сұранысқа ие қызметтер:

• тау-кен және химия өндірістері саласындағы лицензиялар беру (462 және 437 қызмет);

• геологиялық және тау-кен отводтарын беру мен қайта ресімдеу (55 қызмет).

Жаслан Мадиев атап өткендей, цифрлық трансформация жалғасуда, ал автоматтандыру деңгейі мен қызметтердің қолжетімділігі тұрақты түрде өсіп келеді.

TSARKA қолдауымен