Қазақстанда заңсыз жолмен келген телефондар бұғатталады
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесіне өзгерістер жобасы дайындалды. Жоба түсіндірмесіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елге ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI-кодтарын әкелудің заңсыз схемалары бар. "Сұр" импорттың бір схемасы елге жалған ұялы телефондарды әкелу болып табылады. СКДҚ мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI-кодтары бар шамамен 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуетті жіберіп алған салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің тікелей шығындары жылына 100 млрд теңгеден асады, ал осы қызметке ілеспе басқа да салықтарды (ҚҚС, КТС, СН және т.б.) төлемеуді ескере отырып, бюджет шығындары 150 млрд теңгеге жетуі
Қазақстанда ұялы телефондардың үш тізімін енгізу ұсынылады: ақ, сұр және қара. Ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (қара тізім) – ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі, оның ішінде: сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген, дайындаушы зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ, сәйкестендіру коды Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген. Ақ тізім мәліметтері ҚМС АЖ-да сәтті верификацияланған және осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі.
Ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділігі шектеулі абоненттік құрылғылардың тізілімі (сұр тізім) – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілеріне уақытша қолжетімділік берілген ақ және қара тізімдерге енгізілмеген СКДҚ ұялы байланысының абоненттік құрылғыларының тізімі.
Бұл ретте сұр тізімге енгізілген абоненттік құрылғыларға ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну мерзімі ұялы байланыс абоненттік құрылғысы ұялы байланыс операторының желісіне бастапқы қосылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
TSARKA қолдауымен