Қазақстанда жол қауіпсіздігі шаралары күшейтіліп, электросамокаттарға жаңа ережелер енгізіледі
Президент қоғамда жүргізу мәдениетін қалыптастырудың қажеттігін атап өтіп, әр адамның өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін еске салды.
Мемлекет басшысы электросамокаттарға қатысты жағдайға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, екі жыл бұрын қабылданған тротуарларда қозғалысты шектейтін заңнамалық өзгерістерге қарамастан, «қоғамдық орындардағы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ, азаматтар әлі де қауіп-қатерге тап болып жүр».
Тоқаев электросамокаттарды пайдалану саласын реттейтін жаңа түзетулер дайындалғанын және оларды дереу қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі — баға жетпес, мұнда ұсақ-түйек болмайды. Ақыр соңында, мұның бәрі Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар», — деді Президент.