Қазақстандағы тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы пайдаланушыларға арналған ЖИ-ға жүгінетін чат-ботты іске қосты
Тауарларды таңбалау және қадағалаудыңбірыңғай операторы Қазақстанда тауарлардытаңбалау және қадағалау жобасы туралы жеделақпарат ұсынатын жаңа чат-ботты таныстырды. Чат-бот оператормен, жүйемен өзара әрекеттесудіжылдамдатады, процесті мүмкіндігінше ыңғайлыетеді және мына мәселелерді шешуге көмектесе алады:
• Жүйеде тіркеуден бастап, жабдықтың техникалықсипаттамаларына және нормативтік ақпаратқадейінгі аралықтағы таңбалау процесіне қатыстыжиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге;
• Техникалық мәселелер бойынша кеңес беруге, мысалы: цифрлық кодтарға тапсырыс беру, құжаттарды қалыптастыру және жүйелердібіріктіру;
• Таңбалау заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдық туралы ақпараттыпайдаланушылармен бөлісуге;
Чат-бот қолжетімді IT-технологиялар негізіндежұмыс істейді, бұл пайдаланушыларға жан-жақтыақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде ЖИ құралдары миллиондаған адамдардың өмірініңажырамас бөлігіне айналып, жұмыстапсырмаларын жеңіл әрі қолжетімді етіп отыр.
Чат-бот әзірлеу бірыңғай оператордыңтехнологияларды тиімді қолдануға және нарықтыңбарлық қатысушылары үшін өзара әрекеттесудіжеңілдетуге деген ұмтылысын растайды.
Чат-бот тәулік бойы қолжетімді және Telegram платформасында пайдаланушылардың сұрақтарынажауап беруге дайын. Чат-ботпен жұмыс істеу үшінсілтемеге өту қажет. https://t.me/markaskbot