Қазақстандағы Жасанды интеллект министрлігі өзінің регламенті мен құрылымын бекітті
9 қазандағы Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ережесі бекітілді.
Министрлік енді келесі комитеттерден тұрады:
— Аэроғарыш комитеті;
— Ақпараттық қауіпсіздік комитеті;
— Телекоммуникациялар комитеті;
— Мемлекеттік қызметтер комитеті;
— Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлікке жаңа функциялар беріледі.
Олардың қатарында — «электрондық үкімет» операторына деректерді беру арқылы талдау және тәуекелдерді бағалау, басым ИКТ бағыттарының тізбесін және жабдықты жеңілдетілген импорттау тәртібін бекіту, сондай-ақ Astana Hub қатысушылары үшін салықтық преференцияларды қолдану тәртібін анықтау бар. Бұдан бөлек, министрлік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шығаратын тауарлар мен қызметтердің бағасын бекітетін болады.
Министрліктің функциялары туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.