Қазақстандық «Alaqan» стартапы мемлекеттік мекемелерде биометриялық верификацияны енгізуде

Қазақстанның Цифрлық даму министрлігінің жобасы аясында Alaqan Technologies стартапы мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында алақан іздері арқылы биометриялық верификация жүйесі «Alaqan»-ды пилоттық түрде енгізуді бастады.

Бұл жоба мектептер мен балабақшаларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің кіруін бақылауға және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмауға бағытталған.

Қазіргі уақытта жүйе Шымкент әкімдігінде, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰК» АҚ және бірқатар білім беру мекемелерінде табысты жұмыс істеп тұр. «Alaqan» жүйесін енгізу қызметкерлердің кіріп-шығуын тіркеуге, балалардың қатысуын бақылауға және жалған жазбаларды болдырмауға мүмкіндік береді, бұл артық бюджет шығындарының алдын алады.

Бүгінгі күні жоба ел бойынша 150-ден астам мектепті қамтиды, оның ішінде Ақмола және Ақтөбе облыстары да бар, сондай-ақ Көкшетауда қосымша білім беру бағдарламаларында қолданылады. «Артспорт» жүйесіне енгізілгеннен бері 60 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді. Алдағы уақытта жоба ел бойынша стратегиялық маңызы бар нысандарға кеңейтіліп, мыңдаған пайдаланушылар үшін қауіпсіз және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.

TSARKA қолдауымен