Қазақстандық экспорттаушылар енді Tañba жүйесі арқылы Wildberries және Ozon платформаларында тауарларын сата алады.
Еске салайық, 2024 жылдың 1 қазанынан бастап Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (Tañba) қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын экспорттаушыларына арналған бақылау сәйкестендіру белгілерін (БСБ) алу қызметін ұсынып келеді. Жаңашылдық 120 қазақстандық экспорттаушыға Wildberries, Ozon және басқа да танымал маркетплейстерінде тоқыма өнімдерін сату үшін оны таңбалауға мүмкіндік берді. Бұрын қазақстандық экспорттаушыларында мұндай мүмкіндік болмаған және олардың тауарларын Ресей Федерациясының аумағындағы маркетплейстері арқылы сату қолжетімсіз болды.
2023 жылдың 1 наурызынан бастап Ресейдегі маркетплейстерінде жеңіл өнеркәсіп тауарларын сату алдында оның әрбір таңбалау кодын тексеру міндетті болды. Таңбалау кодын тексермеу бұзушылық болып табылады және ондай жағдай маркетплейс те, таңбаланбаған жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатушыларға айыппұл салуына әкеп соғады.
Бүгінгі таңда тауар айналымына қатысушылар цифрлық таңбалау жүйесіне белсенді түрде қосылуда, бұл экспортқа, оның ішінде танымал маркетплейстерде тауарларды сатуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда тапсырыс берілген БСБ-ның жалпы саны 196 мыңнан астам бірлікті құрады.
«Тауарларды таңбалау халықаралық нарықтардағы қазақстандық тауарлардың позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл нарықтағы ашықтық пен біздің өнімдерге деген сенімді арттырып қана қоймай, олардың халықаралық стандарттарға сай болуына көмектеседі. Бұл экспортты дамыту және Қазақстанның сенімді сауда серіктесі ретіндегі имиджін нығайту үшін маңызды қадам», - деді аяқ киім таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларына БСБ қолданумен қатар, экспорттаушы тауарды жөнелту құжаттарын ресейлік оператордың таңбалау жүйесі арқылы тауар қабылдушыға жіберуі керек, осылайша ол БСБ-ны алушы елде айналымға енгізеді.
Өнімді таңбалау бірқатар елдердегі нарықтар мен маркетплейстерге шығудың міндетті талабы болып табылады. Бұл құрал қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарыққа шығуды қамтамасыз етеді және тұтынушылардың брендке деген сенімін арттырады.