Қазақстандық финтех-стартап Meet The Drapers байқауының финалына шықты

Капиталды басқаруға арналған озық шешімдерді әзірлеуші қазақстандық финтех-стартап Investbanq әлемдік деңгейде мойындалуын жалғастыруда. Investbanq — әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік стартаптар өз идеяларын танымал инвесторлар мен саланың жетекші сарапшыларына ұсынатын беделді халықаралық реалити-шоу Meet The Drapers финалына өтті.

Шоуға қатысу Investbanq командасына өздерінің инновациялық платформасын таныстыруға бірегей мүмкіндік берді. Бұл платформа активтерді басқарудың дәстүрлі тәсілдерін түбегейлі өзгертуге әлеуетті.

«Финалға өту – Investbanq үшін маңызды кезең. Бұл тек біздің технологиялық жетістіктеріміздің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар капиталды басқаруға деген жаңа көзқарасымыздың дәлелі. Біздің платформа заманауи технологияларды терең нарықтық түсінікпен ұштастыра отырып, қаржы институттарына арналған бірегей шешімдерді жасауға мүмкіндік береді. Біз Қазақстан мен Орталық Азияны халықаралық аренада таныстыра алғанымызға мақтанамыз», – деді Олжас Жиенқұл, Investbanq компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры.
«Сондай-ақ, біз Қазақстандағы іріктеу кезеңін ұйымдастырғаны үшін Astana Hub пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (МЦРИАП) алғысымызды білдіреміз. Осы қолдаудың арқасында жобамыз қосымша мойындалуға ие болып, бұл бізді шешімдерімізді одан әрі жетілдіруге және жаңа ынтымақтастық көкжиектерін ашуға шабыттандырады», – деп қосты Олжас Жиенқұл.

Финалдық эпизод – жеңімпаз анықталып, 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялық жүлдені жеңіп алу мүмкіндігі қарастырылатын кезең – 18 сәуірде өтеді. Финалды шоудың ресми сайтынан көруге болады.

Investbanq туралы

Investbanq – Орталық Азиядағы алғашқы AI-негізіндегі капиталды басқару платформасы. Ол банктерге, отбасылық кеңселерге және активтерді басқарушыларға инвестицияларды тиімді басқаруға, процестерді автоматтандыруға және жаңа буын инвесторларын тартуға көмектеседі. Озық технологиялар мен салалық сараптаманы біріктіре отырып, стартап WealthTech саласының болашағын қалыптастырып, халықаралық инвесторлардың назарын аударуда.

TSARKA қолдауымен