Қазақстандық компания америкалықтардың қарызын жауып бермек
Қазақстандық KuickTech компаниясы несиені қайта қаржыландыру бағытындағы Avoloan fintech-стартабын іске қосу үшін 500 мың доллар жеке инвестиция тартты. Avoloan сервисінің негізін қалаушы Максим Писеговің айтуынша, жоба америкалықтарға несие карталарындағы қарыздарын жабуға көмектесуді көздемек. Мобильді қосымша биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Айт кетейік, АҚШ-та несие карталарын қолданушы саны 167,2 миллион адамға жетсе, ал орташа жылдық мөлшерлемелер 22-26%-ды құраған. Бұл өз кезегінде айтарлықтай қаржылық қиындықтар туғызады.
Avoloan қызметі қарыз алушыларға қарызды жауып, оның жүктемесі мен ай сайынғы төлем мөлшерін азайту, қарызды неғұрлым тиімді шарттармен шоғырландырып, қайта қаржыландыру ісінде көмектеседі.
TSARKA қолдауымен