Қазақстандық компаниялар қазақша баспасөз-релиздерін ЖИ көмегімен тегін жаза алады

ITCOMMS халықаралық PR-агенттігі ChatGPT негізіндегі баспасөз-релиздері генераторының жаңартылған нұсқасын ұсынып отыр. Сервис қолданушылары енді қазақ тіліндегі, сонымен қатар, өзбек және қырғыз тіліндегі баспасөз-релиздерін тегін жаздыра алады. Бұған дейін ағылшын және орыс тілдеріндегі материалдар құру мүмкіндігі ғана қолжетімді болатын.

 Баспасөз-релиздерінің генераторы ChatGPT-4 негізінде жұмыс істейді, тегін әрі шектеусіз қолдануға болады. Осының нәтижесінде сервис мемлекеттік тілдегі тиімді коммуникация жүргізгісі келетін қазақстандық компаниялар үшін таптырмас көмекші атанып отыр.

Былтыр іске қосылған генератор осы уақытқа дейін орыс және ағылшын тіліндегі 2 мыңнан аса баспасөз-релизін жазуға көмектесті. Қолданушылардың 40 пайыздан астамы – Қазақстаннан. Енді қазақ, өзбек және қырғыз тілдері қосылған соң сервис Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін компаниялар үшін бұрынғыдан да пайдалы бола түспек.

2024 жылы Қазақстанда қазақ тіліндегі контентке деген сұраныстың қарқынды өсуі жалғасуда, ол Үкіметтің бастамаларынан да, кең аудитория қызығушылығының артуынан да көрініс тауып отыр. Қазақ тілін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға қарай телевизия және радиодағы контенттің кемінде 55 пайызы қазақ тілінде болуы тиіс, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін ұлғаяды.

«Біз әрдайым өнімдерімізді клиенттеріміздің талабына сай келетіндей етіп жетілдіруге ұмтыламыз. Сервиске қазақ тілінің қосылуы – біздің жергілікті бизнесті қолдауға және қазақша контенттің дамуына қосқан үлесіміз», – дейді ITCOMMS PR-агенттігінің CEO Александр Лихтман.

Сервис құрушылардың мәліметінше, баспасөз-релиздерінің жаңартылған генераторы қазақстандық PR-мамандар мен кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, олардың өнімділігін арттырады, шығындарын азайтады. Қолданушылар жаңа қызметтің көмегімен жергілікті мәнмәтінге ыңғайластырылған және өңірлік нарыққа қажет сапалы баспасөз-релиздерін жылдам жаза алады.

Жаңартылған генератор артықшылықтарының бірі деп оның PR-мамандардың бірегей қажеттілігін ескере алуын айтуға болады. Егер маман үлгіні дұрыс толтырса, ол нақты аудиторияның талаптарына сай келетін сапалы релизге ие болады. Соның нәтижесінде баспасөз-релизін жазуға ғана емес, оны аударуға да кететін уақытты үнемдейді. Дегенмен, ITCOMMS компаниясы, бұл құралдың жоғарғы тиімділігіне қарамастан, кәсіби аудармашылардың қызметінен толық бас тартуға әзірге ерте екеніне назар аударады.

Сервис сілтемесі – https://www.itcomms.io/kk/ai

TSARKA қолдауымен