Қазақстандық оқушылар оқу-ағарту министріне тікелей хабарласа алады
27 мамыр мен 1 маусым аралығында елімізде «Министрге хат» акциясы өтуде. Бұл бастама «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өткізіліп, мектеп оқушыларына өз ой-пікірлерін білдіру, ұсыныс айту немесе сұрақ жолдау арқылы естілу мүмкіндігін береді.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, балалар мектеп, қала немесе ел туралы ойларымен еркін бөлісе алады, сұрақ қойып, ұсыныстарын білдіре алады. Хат форматы — еркін: бұл мәтін, қолмен жазылған хаттың сканерленген нұсқасы немесе фотосы, бейнежолдау, сурет не презентация болуы мүмкін.
Хаттар мына электрондық поштаға қабылданады: balalaruni2025@gmail.com
Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
- аты-жөні;
- мектеп;
- мекенжайы;
- байланыс нөмірі.
Министрлік басшысы әр хатпен жеке танысады, ал ең шынайы және мазмұнды хаттарға жеке жауап береді деп сендірді ведомство.