Қазақстандықтар Дубайда өтетін Red Bull Tetris іріктеу турниріне қатыса алады
Аты аңызға айналған Tetris ойыны жаңа деңгейге — әрі жаңа биіктерге көтерілуде. Халықаралық турнир 55-тен астам елдің ойыншыларын біріктіреді, ал финал Дубайдағы әйгілі Dubai Frame архитектуралық нысаны аясында өтеді. Ерекшелігі — 2 000-нан астам дрон аспанда Tetris ойынын нақты уақытта бейнелейтін болады.
Қазақстан да қатысушы елдердің қатарында. Мобильді іріктеу кезеңі басталып кетті және 2025 жылғы 30 қазанға дейін жалғасады. Қатысу үшін 18 жастан асқан кез келген ойыншы тіркеліп, ойынды жүктеп, смартфон арқылы онлайн-іріктеуден өте алады. Толық ақпарат пен тіркелу сілтемесі:
https://www.redbull.com/kz-ru/events/red-bull-tetris-kazakhstan
Іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 8 ойыншы ұлттық финалға жолдама алады. Турнир 1x1 форматында өтеді — ал Қазақстанды әлемдік аренада таныстыратын бір ғана жеңімпаз анықталады. Жеңісті стратегия, жылдам реакция және күтпеген ойын жағдайларына бейімделу шешеді.
Жаңартылған ойын форматы қазіргі заман талабына сай: жылдам раундтар, уақыт шектеулері, бонустар, үдеулер және гравитацияның ауысуы — әрбір партияны ерекше әрі күтпеген етеді. Бұл тек жылдамдыққа емес, сонымен қатар стратегия мен икемді ойлауға негізделген жарыс.
Әлемдік турнирдің басталуына орай The Tetris Company президенті және бас директоры Майя Роджерс былай деді:
«Tetris ойыны 40 жылдан астам уақыт бойы әр буынды байланыстырып, адамдарды біріктіріп келеді. Red Bull-мен серіктестік арқылы осындай ауқымды әлемдік турнир өткізу — біз үшін жаңа әрі қызықты кезең. Бұл бастама екі брендке де тән шабыт, креатив және қауымдастық рухын айқын көрсетеді. Біз Tetris ойынын жаңа қырынан танып, бірге қуаныш сезінуі үшін оны үнемі дамытып келеміз. Бұл турнир — Tetris ойынының қуанышын бүкіл әлеммен бөлісу жолындағы тағы бір маңызды қадам».
Финал 11–13 желтоқсан аралығында өтеді. Басты оқиға — 13 желтоқсанда: финалистер басқарған Тетримино фигуралары дрондардың көмегімен аспанда бейнеленеді. Мұндай технологиялық шоу тарихта алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр.
Іріктеуге қатысу және тіркелу 30 қазанға дейін ашық Red Bull Tetris.
Қызықты дерек: Tetris ойыны 1984 жылы КСРО-да, Мәскеуде, Кеңес ғылым академиясында жұмыс істеген программист Алексей Пажитновпен жасалған. Қарапайым, бірақ тартымды механикасы арқасында Tetris әлемдегі ең танымал видеоигалардың біріне айналды. Араға 40 жыл салып, кеңестік кезеңде дүниеге келген бұл ойын енді Дубай аспанында дрондар арқылы қайта жаңғырады.