Қазақстандықтар өз деректерін мемлекеттік базалардан қашан жоюды талап ете алады

Әр адамның ұмытылу құқығы бар және ол заңмен бекітілген, дегенмен адамның цифрлық ізін толықтай өшіру мүмкін емес, — деп атап өтті депутат Екатерина Смышляева.

«Ұмытылу құқығы деректерді толық жоюды қамтуы мүмкін — бұл техникалық тұрғыдан ең күрделі процесс. Сондай-ақ ол деректерді анонимизациялауды, яғни сізді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты өшіруді немесе деректердің айналымын не оларға қолжетімділікті тоқтатуды да қамтиды», — деді ол.

Жеке деректердің айналымын немесе қолжетімділігін тоқтату — ең жиі қойылатын талап және оны іс жүзінде жүзеге асыруға болады.

Алайда адамның өз қалауына қарамастан, мемлекеттік деректер базасында белгілі бір уақыт бойы оның ықтимал құқықбұзушылық әрекеттері немесе қоғамдық мүддеге қатысты деректері сақталады.

«Әрине, осы жағдайларды қоспағанда, азаматтар өз деректеріне қолжетімділікті шектеуді немесе оларды жоюды талап ете алады», — деп түсіндірді Смышляева.

TSARKA қолдауымен