Қазақстандықтар телефон арқылы сөйлесу кезінде ақша аударымдарын жасай алмайды
Қазақстанда мобильді банктерде киберқауіпсіздіктің жаңа шаралары енгізіледі. Енді телефон қоңырауы кезінде ақша аударымдары уақытша бұғатталады.
Бұл шешім азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мен Ұлттық банк бірлесіп қабылдады.
Егер банк қосымшасында жұмыс істеп жатқанда телефон қоңырауының микрофоны қосулы болса, ақша операциялары уақытша қолжетімсіз болады. Бұл алаяқтардың клиенттің әрекеттерін сөйлесу кезінде басқару мүмкіндігін болдырмайды.
Сондай-ақ екі факторлы аутентификация енгізіледі — қосымшаға кірген кезде жеке басыңызды SMS, push-хабарлама немесе биометрия арқылы растау қажет болады.
Басқа да жаңашылдықтар қатарында:
- Тіркелу немесе құпиясөзді өзгерту кезінде банктер клиенттің биометриялық деректерін Орталықтандырылған сәйкестендіру депозитарийі (ЦОИД) арқылы тексеруге міндетті.
- Құрылғыда қашықтан қол жеткізу бағдарламалары белсенді болса немесе операциялық жүйе бұзылған жағдайда, қосымша жұмысы автоматты түрде бұғатталады.
- Қаржылық операциялар кезінде клиенттің геолокациясы тіркеледі.
- Жаңа құрылғыдан кірген кезде қайта аутентификация жүргізіледі.
- Кеңейтілген қауіпсіздік журналы енгізіледі — онда күдікті әрекеттер, бұзушылықтар және қашықтан қол жеткізу әрекеттері туралы ақпарат сақталады. Бұл оқиғаларды жедел тергеуге және ұрланған қаражатты қайтаруға мүмкіндік береді.
ҚНРДА атап өткендей, жаңа технологиялар алаяқтықтың алдын оны жүзеге асырмай тұрып алуға мүмкіндік береді: енді банк қосымшалары тәуекелдерді өздігінен анықтап, операцияларды дер кезінде бұғаттай алады.