Қазақстандықтар жұмысқа орналасу үшін не істеугедайын?
Бүгінде цифрландыру өмірдің барлық салаларының, соның ішінде еңбек нарығының ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстан да бұл жаһандық трендтен қалыс қалмай отыр. Битрикс24 Қазақстан зерттеуіне сәйкес, респонденттердің 57%-ы цифрлық құралдарды меңгеружұмысқа орналасу мүмкіндігін едәуір арттырады деп санайды. Қандай дағдылар сұранысқа ие, қазақстандықтар жаңа нәрселерді үйренуге дайын ба және бұл олардың мансаптық өсулеріне қалай әсер етеді? Зертеуде осы сауалдарға жауап табуға тырыстық.
Сандық дағдылар жұмысқа орналасудың маңызды талабына айналады. Қазақстандағы жұмыс берушілер көбінесе Excel, PowerPoint және Word сияқты әмбебап кеңсе құралдарын білуді талап етеді – мұнысұралғандардың 70%-ы атап өтті. Екінші орында Google Docs, Битрикс24 және Jira (15%) сияқты бұлтты қызметтерді қоса алғанда, ынтымақтастық құралдары тұр. Бұл цифрлық ортада командалық жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
Айта кетерлігі респонденттердің 91%-ы еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыру үшін жаңа цифрлық құралдарды үйренуге дайын. Жасанды интеллект курстары (40%) және ынтымақтастық құралдарымен жұмыс істеу дағдылары (25%) үлкен қызығушылық тудырады. Бұл қазақстандықтардың нарықтың жаңа талаптарына бейімделу қажеттілігін түсінетіндігін көрсетеді.
Сандық құралдарды меңгеру көптеген мүмкіндіктерді ашады. Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы бұл жоғары жалақы сұрауға мүмкіндік береді деп санайды, ал 27%-ы өз жұмысын жеңілдетеді деп күтеді, тағы 20%-ы мұны мансаптық өсу мүмкіндігі деп санайды.
Алайда бәрі бірдей цифрлық құралдарды меңгерудің маңызын түсіне бермейді. Оқу, үйренуге деген жоғары қызығушылыққа қарамастан, респонденттердің 23%-ы цифрлық сауаттылықты арттыру курстары қолжетімсіздеп санайды. Бұл бар мүмкіндіктер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі немесе қаржылық кедергілерге байланысты болуы мүмкін. Дегенмен сауалнамаға қатысқандардың 62%-ы бұл өз нәтижесін береді деп сеніп, біліміне инвестиция салуға дайын.
81%-ы қызметкерлерді оқыту шығындарын жұмыс берушілер көтеруі керек деп санайды. Бұл компаниялар үшін бәсекелестік артықшылыққа айналуы мүмкін корпоративтік оқыту бағдарламаларының маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстандағы еңбек нарығының болашағы да жаңа талаптармен байланысты. Респонденттердің 60%-ы алдағы бес жылда жұмыс берушілер жасанды интеллект дағдыларын талап ете бастайтынына сенімді, ал 28%-ы бұлттық құралдардың маңыздылығын атап өтеді. Демек жаңа дүниелерге дайындалу қажет. Мұның бәрі компаниялардың ЖИ-мен жұмыс жасауда қызметкерлердің инновациялық санасын дамытуға жағдай жасауға дайын екендігі туралы тенденцияларменүндеседі.
Цифрлық дағдылар тек артықшылық емес, табысты мансап үшін қажеттілікке айналады. Жекелеген салаларда, мысалы, сатылымда CRM-ді сенімді меңгеру міндетті дағды болып табылады. Brand Analytics мониторингінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда ай сайын 300-ге жуық бос жұмыс орны жарияланады, олардың талаптары арасында Битрикс24 CRM-ді білу көрсетілген. Жұмыс берушілер заманауи құралдарды игеруге көңіл бөліп, ал қызметкерлер жаңа шындыққа үйренуге және бейімделуге дайын. Алайда жоғары нәтиже алу үшін білім беру бағдарламаларының қолжетімділігін дамыту және компанияларды өз қызметкерлерін оқытуға инвестициясалуға ынталандыру маңызды. Қарқынды цифрландыру жағдайында жаңа технологияларды меңгеруге және өзгеруге дайын адамдар еңбек нарығында айтарлықтай артықшылыққа ие болады.