Қазақстанның 40 университетінде Huawei ICT Roadshow 2024 өтті

5 қыркүйекте Алматыда Huawei ұйымдастырған ауқымды жоба – Huawei ICT Roadshow 2024 басталып, сәтті аяқталды. Бұл жоба Қазақстанның 19 қаласын қамтып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) насихаттауға және АКТ саласындағы жас таланттарды қолдауға бағытталған болатын.


Huawei ICT Roadshow компанияның жаһандық білім беру бастамасы аясында жүзеге асырылып, студенттер мен жас мамандардың цифрлық дағдыларын дамытуға арналды. Іс-шара АКТ-ның экономиканы және қоғамды дамытудағы маңыздылығын көрсету арқылы, студенттерге осы саладағы мансаптық мүмкіндіктерді таныстыруды көздеген.

Жоба аясында Қазақстанның 40 жетекші университеттері қатысып, студенттер мен оқытушыларға АКТ саласындағы заманауи үрдістерді талқылауға мүмкіндік берілді. 13 қыркүйекте ҚБТУ-да өткен іс-шарада қатысушылар Huawei-дің цифрлық шешімдерімен және инновацияларымен танысты.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин бұл ынтымақтастықтың студенттерді цифрлық әлемде қажетті дағдылармен қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті: «Huawei сияқты компаниялардың студенттерге жоғары технологиялар саласында оқыту мен тәжірибе алу мүмкіндіктерін ұсынуы өте маңызды», — деп мәлімдеген болатын ректор.

Чжао Сюй мен Марат Ғабдуллин

Huawei ICT Roadshow шеңберінде соңғы технологиялық шешімдер көрсетіліп, студенттер мен оқытушылар үшін семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар АКТ құралдарын практикалық түрде қолдану дағдыларын меңгерді.

Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй «Huawei ICT Competition» байқауының маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық студенттердің жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді. Ол 2022 және 2023 жылдары қазақстандық студенттердің Гран-при жеңіп алғанын еске салды.

Huawei компаниясы Қазақстанда АКТ білімін дамытуға ұзақ мерзімді үлес қосты, бұл жолы Huawei ICT Roadshow 2024 жобасы цифрлық трансформацияны жүзеге асыратын мамандарды даярлауда маңызды қадам болды.

TSARKA қолдауымен