Қазақстанның 40 университетінде Huawei ICT Roadshow табысты аяқталды

Қазақстанда студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған ауқымды Huawei ICT Roadshow 2024 жобасы өтті. Іс-шара елдің 19 қаласындағы 40 университетті қамтып, студенттерге компанияның ең жаңа технологиялық шешімдерімен танысуға бірегей мүмкіндік берді.

Huawei ICT Roadshow байқауы – Huawei компаниясының Қазақстандағы жастарды қолдауға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға арналған бастамасының бір бөлігі. Іс-шара барысында қатысушылар Huawei-дің жаңа технологиялық шешімдерімен, оның ішінде болашақ технологияларын қалыптастыратын инновациялық өнімдер және қызметтермен танысты. Сонымен қатар, ИКТ саласындағы дағдыларды дамытуға арналған арнайы семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

«Huawei ICT Roadshow сияқты білім беру жобаларына қатысу жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады, олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді және оларды қазіргі технологиялар әлемінің алдында тұрған сын-қатерлерге жақсырақ дайындауға көмектеседі. Біздің студенттердің осындай білім беру бастамаларына белсенді қатысып жатқанына мақтанамыз, оларды ИКТ саласында әрі қарай оқуға және кәсіби дамуға шабыттандырады», – деп атап өтті ҚБТУ ректоры Маратбек Габдуллин.

Іс-шараға тіркелу 2024 жылдың 18 қазанына дейін жалғасады және 2500 қатысушыға жеткенде жабылады. Сынақтың бірінші кезеңі 25 қазанда онлайн форматта өтеді, онда қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын көрсете алады. Емтихан нәтижелері бойынша ең үздік студенттер іріктеліп, 2024 жылдың 1 қарашасында офлайн режимде өтетін ұлттық финалға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Huawei ICT Competition байқауы студенттерге ИКТ саласында жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, олардың теориялық және практикалық білімдерін нығайтуға, сондай-ақ әлемдік еңбек нарығында жоғары бағаланатын дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Жас мамандардың осындай үлкен қызығушылық танытқанына қуаныштымыз және олардың көпшілігі ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де айтарлықтай жетістіктерге жететініне сенімдіміз», – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan басқарма директоры Сю Хай.

ICT Competition Roadshow аясында студенттер алдағы байқау туралы мәліметтермен танысып қана қоймай, Huawei-дегі мансаптық мүмкіндіктер туралы да білді. Компания ИКТ саласындағы жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби өсуіне және қазіргі нарықта сұранысқа ие негізгі құзыреттерді дамытуға ықпал етуді маңызды деп санайды.

Huawei Қазақстанда білім беруді қолдауды жалғастырып, студенттерге инновациялық шешімдер мен кәсіби білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұлттық финалдың жеңімпаздары халықаралық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болып, өздерін әлемдік аренада көрсетуге жол ашады.

TSARKA қолдауымен