Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде үміткерлерді бағалау үшін цифрлық рейтинг енгізіледі

Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қызметкерлерді іріктеудің жаңа цифрлық тәсілі енгізілуде. Енді агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші — кәсіби әлеуетін көрсететін цифрлық рейтингі ескеріледі. Тиісті өзгерістер ведомство төрағасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығымен бекітілді.

Цифрлық рейтинг – бұл лауазымдық міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттер, жетістіктер және негізгі көрсеткіштер негізінде қалыптастырылатын формалды сандық баға.

Рейтинг агенттіктің кадр қызметі ақпараттық жүйені пайдалану арқылы есептейді, бұл бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Рейтингті есептеу рәсімі әрбір лауазым бойынша негізгі көрсеткіштерді айқындауды және кандидаттың кәсіби жетістіктерін бағалауды қамтиды. Жүйе талаптарға сәйкестік дәрежесіне байланысты кандидаттарды жіктеуге мүмкіндік беретін төрт деңгейлі балдық шкала негізінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ведомстволық деректер банкі құрылады, онда әр кандидаттың цифрлық рейтингі тіркелетін болады. Бұл кадрлық резервті қалыптастыруға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

TSARKA қолдауымен