KazHackStan 2024 конференциясының бірінші күнінде қандай тақырыптар талқыланады?
Конференцияның алғашқы күнінде сарапшы мамандар ұлттық киберқауіпсіздік саясатын және деректерді қорғауға қатысты заңнамалық мәселелердің ережелерін талқылайды.
Қатысушыларға бірнеше негізгі панельдік сессиялар ұсынылады:
1. Panel Discussion: «Түркі әлемінің цифрлық қалқаны: үлкен қауіпсіздік үшін серіктестік»
Күні және уақыты: 11 қыркүйек, 11:05
Түркі әлемі елдері цифрлық қауіпсіздікті нығайту үшін қандай қадамдарға баратыны талқыланады. Мінберде алты мемлекеттен келген жетекші сарапшылар ойларымен бөліседі.
Өтетін орны: Басты сахна
2. Панельдік сессия: «Заңдар мен тәжірибелер – цифрлық қауіпсіздіктің тоғысуы»
Күні және уақыты: 11 қыркүйек, 17:00
Ағымдағы заңнамалық мәселелер мен киберқауіпсіздіктің практикалық аспектілері талқыланады. Құрметті қонақтардың қатарында білікті мамандар бар:
• Екатерина Васильевна Смышляева, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты
• Руслан Кенжебекұлы Әбдіхалықов, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
• Асқар Рахымбайұлы Жүнісбек, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы
• Олжас Сатиев, TSARKA негізін қалаушы
Өтетін орны: Басты сахна
3. CISO және CIO үшін панельдік сессия: «Оператордан менеджерге дейін: қиындықтар мен перспективалар»
Күні және уақыты: 11 қыркүйек, 16:15
Сарапшылар CISO және CIO алдында тұрған міндеттер туралы сөз қозғайды. Басты сұрақ: Қиындықтарды қалай жеңуге болады және киберқауіпсіздік мамандары үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Өтетін орны: Басты сахна
4. Киберқауіпсіздік саласындағы стратегиялық серіктестік: Түркі мемлекеттерінің ұйымы елдері үшін бірлескен киберинциденттерге әрекет ету орталығын құру.
Күні және уақыты: 11 қыркүйек, 4:00 – 16:00
Талқылау барысында мемлекеттер арасындағы үйлестіру, ақпарат алмасу, бірлескен әрекет ету хаттамаларын әзірлеу және аймақтағы киберқауіптерден қорғау және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бірыңғай тиімді кеңістік құруға мүмкіндік беретін озық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ биылғы жылы CyberKumbez оқу-жаттығу алаңында қызықты кибер шайқас басталады, онда командалар үздік хакерлер атағын алу үшін барын салады.
CyberKumbez – бұл жай ғана жарыс емес, онда хакерлердің шеберлігі мен біліктілігі сыналады.
Ұйымдастырушылар жыл сайын қатысушыларға олардың шеберлік деңгейін растайтын еңсерілмейтін қиындықтар тудыратын бірегей және күрделі тапсырмаларды әзірлейді:
• Шынайы шабуыл мен қорғаныс сценарийлері;
• Шығармашылық көзқарас пен терең білімді талап ететін тапсырмалар;
• Мүмкіндігінше шындыққа жақын жағдайларда өз дағдыларыңызды сынау және дамыту мүмкіндігі.
Конференцияның алғашқы күнінің толық нұсқасы толық https://kazhackstan.com/ru сайтынан көре аласыздар.