KazHackStan-2024: Түркі әлемінің өкілдері ақпараттық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Бүгін KazHackStan-2024 киберқауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы халықаралық конференциясы басталды. Конференцияның алғашқы күні киберқауіпсіздік саласындағы ұлттық саясатты, сондай-ақ деректерді қорғауға қатысты заңнамалық мәселелер мен нормативтік актілерді жан-жақты талқылауға арналды.
Іс-шара аясында «Түркі әлемінің цифрлық қалқаны: Қауіпсіздік жолындағы серіктестік» атты панельдік сессия өтті. Спикерлер Түркі әлемі елдері цифрлық қауіпсіздікті нығайту мақсатында қалай біріге алатындығын талқылады.
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова кибершабуылдарға жылдам әрекет ету үшін салалық ұйымдармен үйлестіру және ынтымақтастықты дамыту және киберқауіптер мен оқиғалар туралы жедел ақпарат алмасу тетіктерін құру туралы айтып өтті.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін маңызды аспект – кибершабуылдар мен қауіптерге жылдам әрекет ету үшін салалық ұйымдармен үйлестіру мен ынтымақтастықты дамыту. Бұл оқу-жаттығулар мен симуляцияларға бірлесіп қатысуды қамтиды.
Қазақстанның көзқарасы бойынша, киберқауіпсіздікке халықаралық тұрғыдан қарау киберкеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа түркітілдес мемлекеттермен белсенді ынтымақтастықты білдіреді.
Осылайша, Қазақстан өзін киберқауіпсіздік бойынша бірыңғай аймақтық көзқарасты қалыптастыруға белсенді серіктес ретінде көреді, бұл жалпы қорғаныс деңгейін нығайтуға және киберкеңістікте тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, басқа елдерден AKTA (Әзірбайжан) Бас директоры Элвин Балабанов, Electronic Security Service (Әзірбайжан) Бас директоры Самир Расулов, NCSC (Венгрия) директорының орынбасары Виктор Мункачи, Түркияның киберқауіпсіздік кластерінде киберқауіпсіздік бойынша оқыту маманы Эвен Хасипек және Мемлекеттік унитарлық кәсіпорын «Киберқауіпсіздік орталығы» департаментінің директоры (Украина) Максим Морозов сөз сөйледі.
Іс-шара 2024 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.