Қазпошта сәлемдемелерді жылдам жөнелту үшін Fast Track пилоттық жобасын іске қосты

Қазпошта осы күзде іске қосылған Fast Track пилоттық жобасы аясында алғашқы 100 сәлемдемені сәтті жөнелтті. Жаңа сервис сәлемдемелерді жөнелту уақытын үш есе қысқартуға мүмкіндік береді, бұл сондай-ақ бөлімшелердегі кезектерді азайтады. Жобаның серіктесі – британдық Stamp Free компаниясы.

Жобаның мәні жіберу процесін жеңілдетуде: пайдаланушылар арнайы WhatsApp-ботты қолданып, қажетті деректерді толтырып, бірегей код алады. Бөлімшеге келгенде, бұл кодты операторға айтып, сәлемдемені төлеп, оны қалдырып кету жеткілікті.

Алдағы уақытта процесті одан әрі жеңілдету жоспарланып отыр, жіберуші тек 12 таңбалы кодты қалдырып, сәлемдемесін тексерусіз тастап кете алады. Алайда, қазіргі пошта ережелері жөнелтілімнің мазмұны мен салмағын бақылауды талап етеді, сондықтан WhatsApp арқылы төлем опциясы уақытша ажыратылған. Бірақ Қазпошта бұл шешімді болашақта енгізуді жоспарлап отыр.

Fast Track жобасы Қазақстан бойынша арнайы операторлық орындармен жабдықталған бөлімшелерде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Қазпоштаның бұл инновациялық жобасы Амстердамдағы Parcel&Post Expo халықаралық көрмесінде өңірдегі алғашқы жапсырмасыз (label free) жоба ретінде ұсынылады.

TSARKA қолдауымен