«Киберпол»: Қазақстанда 2,5 мың киберқылмыс ашылды

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Жиын барысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Киберпол тобының жұмысының арқасында 2,5 мыңнан астам киберқылмыстың болғанын және оның залалы 962 миллион теңге болғанын айтты.

“914 құқық бұзушы ұсталды. Жалған нөмірлерден түскен 58 миллион қоңырау бұғатталып, 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карталар тәркіленді. «Алаяқтыққа қарсы орталық» жұмысы аясында шетелге аудару сатысында 400 миллион теңге бұғатталды”, - деді Сәденов.

ҚМА төрағасы Дмитрий Малаховтың мәліметінше, биыл интернетте 43 қаржылық пирамида анықталған. Істелген жұмыстардың нәтижесінде, мессенджерлердегі 266 чат жабылған. Айта кетейік, Cybernadzor жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сайттарды бұғаттады.

TSARKA қолдауымен