ҚМА блогерлердің онлайн-курстарын сертификаттауды ұсынды

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) әлеуметтік желілерде заңмен белгіленген тәртіптен тыс өткізілетін, лотерея белгілері бар ұтыс ойындарының көбейгенін тіркеді. Бұл туралы Геннадий Шиповскихтің депутаттық сауалына берген ведомствоның ресми жауабында айтылды.

ҚМА мәліметінше, мемлекеттік оператор «Сәтті Жұлдыздан» тыс лотереялар ұйымдастыруға тыйым салынғанына қарамастан, әлеуметтік желілерде бағалы сыйлықтар тігілген ұтыстар жиілеген. Кейбір блогерлер, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мұндай акцияларды онлайн-курстарды немесе тауарларды сату түрінде өткізіп, заң талаптарын айналып өтеді.

Мұндай әрекеттердің тәуекелін азайтып, ашықтықты арттыру үшін ҚМА бірнеше шара ұсынды:

● уәкілетті органға хабарлау және жария оферта (сабақ саны, тақырыптар, күтілетін нәтиже) орналастыру арқылы онлайн-курстарды өткізу мен бақылау тәртібін бекітетін қосымша құқықтық акт әзірлеу;

● курстардың сапасын сертификаттау жүйесін енгізу;

● тауар бағасы мен ұтыс қорының сәйкестігін бақылау арқылы жасанды сатылымдардың алдын алу;

● ашықтықтың ең төменгі стандарттарын енгізу – ұтыс нәтижелерін тіркеу және жеңімпазды кездейсоқ таңдау.

TSARKA қолдауымен