ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында киберқауіпсіздік мамандарын даярлауды кеңейтуде
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі білім беру бағдарламалары тізіміне өзгерістер енгізу бастамасын көтерді, нәтижесінде арнайы оқу орындарында даярлық бағыттары кеңейтілді.
Жобадағы өзгерістерге сәйкес, «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі:
● ҚР ІІМ Басқару академиясы – «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт), «Құқық қорғау қызметі» (профильдік бағыт).
● Қарағанды ІІМ академиясы – «Киберқылмыспен күрес».
● Қостанай ІІМ академиясы – «Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар».
Бұған дейін киберқылмысқа қарсы күрес мамандары тек Алматы ІІМ академиясында дайындалатын. Енді бұл бағыттағы білім беру бағдарламалары еліміздегі жетекші ведомстволық жоғары оқу орындарында қолжетімді болмақ.
Өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 2025 жылғы 31 наурызға дейін талқылау үшін ашық.