EA Group және Plug and Play Tech Center Мадридте көлемі €20 млн венчурлық қорды іске қосады
Жаңа қор Plug and Play жаһандық экожүйесіне қол жеткізе отырып технологиялық стартаптардың ерте кезеңінде €200 000-дан €500 000-ға дейін инвестиция құяды.
Алматы, 2025 жылдың 11 наурызы – EA Group Holding холдингінің Қазақстан нарығында сәтті жұмыс істеп келе жатқан венчурлық қоры EA Ventures Испанияда «EA Ventures Plug and Play EMEA Fund» жаңа венчурлық қорын іске қосу мақсатында жылына 200-ден астам инвестиция құятын және портфелінде 30-дан астам «жалғыз мүйіз»-компаниясы бар Plug and Play Tech Center жаһандық инновациялық платформасымен стратегиялық әріптестік туралы жариялады. Қаржысы €20 миллиондық қор мүмкіндігі мықты технологиялық стартаптарға дамудың ерте кезеңінде инвестиция құямен айналыспақ.
Жаңа қор EA Group пен Plug and Play арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік аясында құрылды және pre-seed-тен pre-Series A кезеңіне дейінгі стартаптарға €200 000-€500 000 көлемінде инвестиция салатын болады. Негізгі бағыттар, B2B және B2C салаларына арналған бұлтты шешімдерге баса назар аудара отырып, финтех, жасанды интеллект, мобильділік, тұрақты даму, электронды коммерция және корпоративті технологиялық бағыттар болмақ. Қор даму мүмкіндігі жоғары 30-35 технологиялық компанияны қолдауды жоспарлап отыр.
Қор қазірдің өзінде Plug and Play компаниясының жұмыс істеп тұрған стартаптар жобасына қосылды, ал бұл инвестициялық іс-әрекетті бірден бастауға мүмкіндік береді. Географиялық тұрғыда халықаралық әлеуеті бар испан стартаптарына, оның ішінде шетелдердегі испан негізін қалаушылар мен Испанияда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлерге назар аударылуда. Сонымен қоса еуропалық нарықта дамуды жоспарлап отырған қазақстандық технологиялық кәсіпкерлерге де қордың есігі ашық.
Қор жұмысының уақыты 10 жылды құрайды және қосымша екі жылға ұзарту мүмкіндігі де бар. EA Group және Plug and Play арасындағы серіктестік ұзақ мерзімді әріптестікті, тікелей инвестиция құю саласы мен портфельді компаниялар арасындағы әріптестікті дамытуды қамтиды.