Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге рұқсатты elicense.kz сайтынан алуға болады
Портал elicense.kz-те заңды тұлғаларға металл сынықтары мен түсті және қара металдар қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет көрсету автоматтандырылған. Кәсіпкерлерге рұқсаттарды алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді.
Рұқсатты беру мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыратын жердегі жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.
Рұқсат алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
• elicense.kz порталына кіріп, «Пайдалануға беру» бөлімін ашу;
• қызметтер тізімінен «Заңды тұлғаларға түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметіне рұқсат беру» қызметін таңдау;
• барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды жүктеп, мемлекеттік баж салығын төлеу;
• ЭЦҚ/QR арқылы қызметті растау.
Мемлекеттік органның оң шешімі болған жағдайда, дайын лицензия elicense.kz порталындағы «Рұқсаттар» модулінде пайдаланушының «Жеке кабинетінде» көрсетіледі. Қабылданбаған жағдайда «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінім бойынша дәлелденген бас тарту сақталады.
Рұқсат беру үшін 10 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленеді. Төлем тіркелген заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органының атына кез келген екінші деңгейлі банкте жүргізіледі.