Наурызға арналған 180 мың видео: TikTok онлайн-фестивальдің қорытындысын жариялады

 TikTok #Наурыз2025 үшінші жыл сайынғы мерекеліконлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды.  Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнанастам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп кележатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсірген.

 Биылғы онлайн-фестиваль серіктестер саны жөнінен де рекорд орнатты. Олар: ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарыбілім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы. 

• Онлайн-фестивальге сондай-ақ Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен 24 жоғары оқу орны қатысты.

Қысқа видеолар жасауға арналған TikTok бірегей платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның бай мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүр көркемдігін бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік беріп келеді. Осындай бастамалардың бірі, TikTok-та үшінші жылқатарынан өтіп жатқан – Наурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Платформаның Қазақстандағымыңдаған қолданушылары көктемнің ең жарқын мерекесін жұмыла атап өттіі.

#Наурыз2025 TikTok-та

Биылғы онлайн-фестивалді TikTok қолданушыларықызу қолдады: небәрі екі апта ішінде олар#Наурыз2025 хэштегімен 25 мыңнан астам видео жариялады. Платформа қолданушылары Наурыз мерекесі туралы жан-жақты баяндады: мерекедегі дәстүрлер мен оның шығу тарихы, ұлттық тағамдар әзірлеу әдісін бөлісіп, ән әуелеп, би шалықтаған мерекелік шаралардан репортаж түсіріп - төл мәдениеттің көркем бейнесін айшықтай түсті.

Ресми серіктестерден бөлек, жобаны TikTok-тағытанымал креатрлар онтент да қолдады. Дарынды домбырашы Жақсы @zhakso_ "Қамажай" әнін ерекше өңдеп орындады, ал @ult_kazynasy білім беру жобасына қатысушылар Наурыз мерекесіне қатысты қызықты деректерді бөлісті. Аспаздық контент жасайтын креатор Сания @saniya_sagiimbaevaкеремет безендірілген ұлттық тағамдар әзірлесе, саяхатшы креатор Асет @travelove100 қолданушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, TikTok алғаш рет елдің ірі қалалары: Астана, Алматы және Шымкенттегі мерекелік іс-шаралар өткен алаңдарда арнайы интерактив орындар әзірледі. Бұл орындар осы қалалардағы мыңдаған тұрғындары мен қонақтардың көзайымына айналды.  

Мерекелік дастархан

Тамақ - фестивальдің басты тақырыптарының бірі болды. Қолданушылар қонақтарға жайылған дастарханды көрсетіп, наурыз-көже, қуырдақ жәнетүрлі тәттілердің дайындалу жолын көрсетті. Нағызаспаздар сайысына қатысып, Қазақстандағы түрлі аспаздық мәдениетті қалай ұштастыруға болатынытуралы әзілдесті. Сондай-ақ ұлттық тағам ұсынатынмекемелерге шолу жасап, әралуан тконтент ұсынды.

Ұлттық музыка және би

Мереке кезінде TikTok-та  ұлттық әуендер әуеледі.  Домбыра трендке айналды: домбырада шеберойнайтын  қолданушылар өнерін паш етіп,  дәстүрліжәне заманауи туындыларға кавер тартты. Сондай-ақұлттық киім киіп, би  билеу де TikTok лентасынжаулады. Әсіресе Сая Махамбеттің "Қазағымсың"әніне билеу – жеке трендке айналды. Қолданушыларбұл әнге үйде, достарымен, отбасымен бірге билеп, тіпті әнді скрипкамен де сүйемелдеп  көрді.

Заманауи және дәстүрлі сән өнерінің үйлесімі

Фестивальдің ең елеулі тренді - ұлттық сән өнеріне және оны қазір заманға бейімдеуге деген айнымасқызығушылық болды.  Қолданушылар ұлттық киімдердіжаңғыртып, заманға сай интерпретацияда ұсынды. Тіпті олар мереке күні беттеріне ою-өрнектермен макияж жасап, ұрпақтар жалғастығы мен мәденимұраға осылай да құрмет көрсетті.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет жәнеақпарат министрлігі TikTok платформасының жылсайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін өткізубастамасын құптайды. Бұл бастама ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қалың көпшілікке, әсіресе жастарға насихаттауға ықпал етеді. Біз цифрлық платформалардың материалдықемес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуге қосқанүлесін жоғары бағалаймыз. Наурыздың тарихына, мерекелік дәстүрлерге шынайы қызығушылықтанытқан қазақстандық қолданушылардың белсенділігі ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен ұлттық бірегейлікті сақтауға деген заманға сайұмтылысты көрсетеді. Мұндай бастамалар елдіңмәдени тұтастығын нығайтып, креативтіиндустрияның дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», деп атап өтті ҚазақстанРеспубликасының Мәдениет және ақпаратминистрлігі.

Мерекелік іс-шаралар

TikTok платформасы  Астанадан ШымкенткеАқтауданАлматыға дейін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалармен ауылдарда өткен мерекелік іс-шаралардантүсірілген  жарқын көріністерге толды. Көктемнің еңкөркем мерекесін атап өту үшін миллиондаған адамкөшеге шығып, ұлттық тағамдардан дәм татып, түрліойын-сауық шараларына қатысып, мерекелік көңілкүйлерін TikTok - та  бөлісті.  Рекорд та тіркелді: Көкшетауда 1600 әйел кимешек киіп, әсерлі шеруөткізді. Ал Ақтауда 5 мыңнан астам адам ұлттықкиіммен Каспий теңізінің жағалауына жиналып, салт-дәстүрге деген құрметті паш етті.

Студенттердің шығармашылығы

Биыл – қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ерекше белсенділік танытты.  Олар ұлттық киім киіп, қойылымдарға қатысып, дастархан жайып, ЖОО қабырғасында Наурыз қалай тойланатынын көрсетті. Жалпы, #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты. Мысалы, AlmatyManagement University-де ұлттық киім үлгілері көрсетілсе, Narxoz University студенттері би трендіне қосылды, Nazarbayev University-де домбырамен күйшертті, ал ZhanibekovUniversity студенттері мерекелік шаралардың видеоларын бөлісті.

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының#Наурыз2025 онлайн-фестиваліне қатысуы  заманауи цифрлық платформалардың білім беру үрдісін тиімді түрде толықтыра отырып, студенттердің мәдени мұраны сақтау мен насихаттауына атсалыса алатынын көрсетті. Жастардың ұлт дәстүріні креатив, музыка, сән жәнеөнер арқылы зор шабытпен паш етуі бізді қуантады– бұл зердері әрі мәдени тұрғыда орныққан тұлғаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Білім, шығармашылық пен ұлттық құндылықтарды ұштастыратын осындай бастамаларды министрлік алдағы уақытта да қолдай бермек», – деп атапөтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова.

Өнер мен дәстүр

TikTok-тағы суретшілер мен қолөнер шеберлері өзшығармаларын Наурыз мерекесіне арнады. Қазақ мәдениетінен шабыт алған біріп оны суретке айналдырса, тағы бірі кілемге сурет салып, тіпті біріқолдан шағын киіз үй  де жасап көрсетті.

Наурыз  отбасылық мереке ретінде

TikTok қолданушылары сүйікті мерекені отбасыменбірге қалай атап өтетінін бөлісті, ал тағы бірі үшін бұл – алғашқы Наурыз тойы болды. Мерекеге дәрігерлеркеңсе қызметкерлеріполиция өкілдері сияқты түрлікәсіп иелері де белсене атсалысты. Тіпті үй жануарлары да ат салысты.

«Бүгінде біз шетелдік туристердің қазақ мәдениетіне, асханасына, салт-дәстүрі мен өмір салтына деген ұдайы  қызығушылығын байқап отырмыз. Саяхатшылар көбіне-көп терең де мағыналы дүниелер іздейді  олар нағыз ұлттықмұраны танып-білгісі келеді. Осы тұрғыда жастарғажәне жалпы қоғамға қазақтың бай дәстүрін заманауицифрлық платформалар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін бастамалардың рөлі ерекше. Бұл процеске жастардың белсенді түрде араласуы - аса маңызды», — деді Kazakh Tourism басшысы ҚайратСадвақасов.

«Соңғы үш жылда Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізуге үлес қосқанымызды мақтан етеміз.  Осы уақыт аралығында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қолданушылар ұлттық мерекегеорай 180 мыңға жуық бейнеролик түсіріп, өздерін осынау ірі мәдени шараның бір бөлшегі сезініп, өзхалқының мәдение мұрасын бір-біріне ғана емес, бүкіләлемдегі TikTok қолданушыларына паш ете алды. Мұндай нәтиже бізге зор шабыт сыйлады және бізҚазақстанның ұлттық мәдениетімен қатар, еліміздің бүкіл өңіріндегі қолданушылардың шығармашылық рухына қолдау көрсетуді жалғастырабереміз»- деп атап өтті TikTok-тың Шығыс Еуропажәне Орталық Азия бойынша операциялық бөлімінің басшысы Мелис Чаглар

TSARKA қолдауымен