Нейрондық желілер деген не және қалай жұмыс істейді?

Нейрондық желілер дегеніміз не?

Нейрондық желілер — бұл компьютерлерге адамдар сияқты ойлануға мүмкіндік беретін технология! Мысалы, сіздің смартфоныңыздағы бет-жүзін тану жүйесі немесе аудармашылар және т.б. – бәрі  осы технологияның нәтижесі. 

Нейрондық желілердің тарихы

Нейрондық желілер идеясын алғаш рет 1944 жылы Чикаго университетінің зерттеушілері Уоррен Маккаллоу мен Уолтер Питтс ұсынды. 1950  жылдары Корнеллуниверситетінің психологы Фрэнк Розенблаттперсептронды таныстырды. 1980 жылдары қуатты есептеу компьютерлері пайда болған кезде зерттеушілер екі және үш деңгейлі оқыту нейрондарын жасай бастады. Алайда, нейрондық желілерге деген қызығушылық соңғы жылдары компьютерлік ойындар индустриясының арқасында артып, барлық салаларда қолданыла бастады. 

Нейрондық желілер қалай жұмыс істейді?

Нейрондық желілер – бұл миллиондаған "жасанды нейрондардан" тұратын күрделі жүйе. Әрбір нейрон деректерді қабылдап, өңдейді, содан соң өз нәтижесін шығарады. Бұл процесті адамдардың миында орын алатын ақпараттық өңдеуге ұқсас деп айтуға болады. Мысалы, сіз бір нәрсені көргенде, миыңыз түрлі ақпаратты өңдейді, дәл сол сияқты нейрондық желілер де деректерден қорытынды жасайды. Деректер көп болған сайын ақпараттың сапасы да жақсара түседі. 

Қайда қолданамыз?

Нейрондық желілердің мүмкіндіктері шексіз. Олар әртүрлі салаларда қолданылады:

• Кескіндер мен бейнелерді тану: Телефондардағы бет-жүзін тану немесе әлеуметтік желілерде фотоларды автоматты түрде жіктеу.• Тіл өңдеу: Чат-боттар, онлайн аудармашылар мен мәтіндерді талдау.• Медицина: Дәрігерлерге диагностиканы дәл қоюға көмек көрсету үшін медициналық бейнелерді талдау.• Қаржы: Қаржылық нарықтардағы болжамдар мен инвестициялық шешімдер.

Нейрондық желілер не үшін қажет?

Ақылды бағдарламалар үлкен көлемдегі деректерді өңдейді, контент жасайды және кез-келген қиындықтағы мәселелерді шешеді. Бұл оларды бизнесте, өндірісте, шығармашылықта және күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік береді.

Нейрондық желілер уақыт пен адам ресурстарын үнемдейді. Олар адам факторына байланысты жасалатын қателіктерден аулақ болуға, шығармашылықпен көбірек айналысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ-шағын және орта бизнес үшін шығындарды азайтады.

Мысалы, нейрондық желілердің арқасында СММ маманы копирайтерлердің және дизайнерлердің көмегінсіз кейбір тапсырмаларды орындай алады. Өздеріне қажетті нәрсені сұрайды, соған сәйкес бағдарлама мәтін жазады немесе иллюстрация жасайды. Маман тек материалды тексеріп, оны өңдеп, пост жариялауы керек. Егер нәтиже күткендей болмаса, қайталап сұрай беруге болады, ол алуан түрлі жауаптар дайындай береді.

Нейрондық желілердің түрлері

Нейрондық желілердің түрлері көп, солардың ең белсенді қолданылатыны:

• Көп деңгейлі немесе перцептрондар. Олар сандық деректерді өңдейді, күрделі жағдайларда объектілерді таниды, абстракті сипаттамаларды оқшаулайды. Бұл ерекше міндеттерлі орындауға көмектеседі. • Рекуррентті. Реттілікпен және өзгеретін ақпаратпен жұмыс жасайды. Олар деректер тізбегін игереді, оның мазмұнын зерттеп, нәтижені болжайды. Бұл алгоритм мәтінмен, аудио және бейнежазбамен жұмыс істеуге жарамды. • Конволюциялық. Графикамен жұмыс істеу үшін жасалған: фотосуреттерді өңдеу, фонды жою, суреттің мазмұны мен түс сипаттамаларын өзгерту. • Генеративті. Контент жасайтын бағдарламалар: мәтіндер мен графика. ChatGPT және Midjourney-осы желілермен жасалған.

Нейрондық желілердің міндеттері

Шартты түрде нейрондық желілердің әрекеттерін үш санатқа бөлуге болады:

➢ Жіктеу. Бағдарлама деректерді топтастырады. Мысалы, музыка жанрларын немесе клиенттің төлем қабілеттілігін олардың шығындары мен кірістерінен анықтай алады.➢ Болжау. Нейрондық желі ақпаратты алып, соның негізінде қорытынды жасайды. Алдыңғы тәжірибені, ұқсас схемаларды немесе жағдайларды ескере отырып, өткен жылдардағы көрсеткіштер бойынша компанияның кірісін болжай алады.➢ Тану. Математикалық модель объектілерді анықтайды. Ол фотосуреттегі немесе бейнедегі адамды танып, оның жынысын немесе шамамен жасын біле алады. Бұл технология бейнебақылау құрылғыларына немесе смартфон камераларына енгізілген. 

Нейрондық желілерді қолдану аялары

Заманауи нейрондық желілер әртүрлі салаларда жұмысты ұйымдастыру үшін қолданылады:

Жарнама және маркетинг. Нейрондық желілер креативтімәтіндер мен ұрандар жасайды, оларды таныту идеяларын ұсынады. Олардың көмегімен мамандар аудиторияны талдайды және мақсатты жарнама үшін сегменттерді таңдайды. 

Менеджмент. Деректерді талдау, шешімдер іздеу, қызметкерлерді оқыту.

Қаржы. Нейрондық желі алгоритмдері акциялар мен валютаның құнын болжайды, инвестициядан түскен пайданы бағалайды.

Қауіпсіздік. Смартфондардағы ақылды бағдарлама құрылғының иесін саусақ ізі немесе бет-жүзі арқылы анықтайды. Нейрондық желілер бақылау камераларындағы жазбалардағы адамдарды таниды, жолдардағы автомобильдердің жылдамдығын анықтайды.

БАҚ. Ақылды бағдарламалар мәтіндерді дайындап, аударады, ақпарат ағынын қадағалайды, иллюстрациялар жасайды. 

Бағдарламалау. Нейрондық желілер әзірлеушілерге кодты жазуға және тексеруге көмектеседі.

Дизайн. Заманауи бағдарламалар кез-келген күрделіліктегі графиканы жасайды: 2D эскиздерінен бастап үш өлшемді интерьер жобаларына дейін. Олар идеяларды іздеуге де, визуалды іске асыруға да көмектеседі. 

Сату. Нейрондық желілер адамдардың өтініштерін қарап, клиенттерге кеңес береді. Сату сценарийлерін нөлден жазады және менеджерлер қолданатындарды дамытады.

Өндіріс. Нанотехнологиялық өнімдерді жасау машиналық оқытусыз қиындау жасалады. Ақылды бағдарламалар күрделі есептеулер мен өлшемдермен қатар, өнімді жасау алгоритмін жасайды. Нейрондық желілер автомобиль және зымыран ғылымы, металдағы қауіпті элементтерді  немесе бетон сапасын талдау үшін қолданылады. 

Медицина. Нейрондық желілер рентген сәулелері мен ЭКГ нәтижелерін талдайды. Бұл аурудың дамуын жіберіп алмауға, дәрі-дәрмектің мөлшерін дәл есептеуге мүмкіндік береді.

Білім. Оқу бағдарламалары студенттердің жұмысын тексереді, қателерді тауып, түсіндіреді. 

Логистика. Қызметтер қойманың жұмысын ұйымдастырады, қалдықтарды қадағалайды, тапсырыстарды жеткізеді. 

Нейрондық желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Нейрондық желілердің көптеген артықшылықтары бар:

– Жылдамдық. Бағдарлама бірден сұрақтарға жауап береді және бірнеше секунд ішінде мәселелерді шешеді.– Әмбебаптық. Нейрондық желілер бизнестің барлық салаларында қолданылады. Ең бастысы-бағдарламаны компанияның міндеттеріне бейімдеу.– Үнемдеу. Қызметтердің барлығы тегін емес, бірақ мамандардың қызметіне қарағанда арзанырақ.– Шығармашылық кеңістік. Нейрондық желілер тіпті күрделі дизайнды жүзеге асыруға көмектеседі. Олар мамандарға қиялмен шектелмеуге мүмкіндік береді. – Кез келген уақытта жұмыс жасау. Ақылды бағдарламалар клиенттерге тәулік бойы кеңес бере алады.

Нейрондық желілердің кемшіліктері:

– Нәтиже әрдайым нақты болмауы мүмкін. Нейрондық желілер есептеулерді жақсы орындайды, бірақ математикалық формулалар болмаса жұмыс істей алмайды. Әсіресе интернет-деректерден оқытылатын жүйелер. Желіде көптеген ақпарат бар, фактчекингжасай алмайды, сондықтан бәрін қолданады.– Нәтижені тексеру маңызды. Жоғарыда айтылғандай алынған нәтижелерді  тексеру керек - бағдарлама өздігінен компанияның жұмысын жақсартпайды.– Сұранысты дәл тұжырымдау керек. Нейрондық желі адам берген мәліметтермен жұмыс істейді. Егер сұрау дұрыс болмаса, жауап күткенге сәйкес келмейді.– Инвестицияларды қажет етеді. Бизнеске пайдалы шешімдердің бәрі дерлік ақылы. 

Нейрондық желілермен жұмыс істеу үшін бизнеске не қажет?

Егер сіз нейрондық бағдарламаларды қолдануды жоспарласаңыз, мақсатыңызды айқындаңыз. Көптеген бағдарламалар ақылы. Сондықтан сатып алған соң пайдасын да көру қажет.  Компания мамандары нені автоматтандыру керектігін шешсін. Көптеген тапсырмаларды қамтитын бағдарламаларды таңдаңыз. 

Мамандарды нейрондық желілермен жұмыс істеуге үйретіңіз: нақты сұрауларды тұжырымдау, жауаптарды талдау. Қызметкерлер нейрондық желілер оларды алмастырмайтынын, көмектесетінін түсінуі маңызды. 

Битрикс24-те жасанды интеллектке негізделген ақылды көмекшісі - CoPilot бар. Ол міндеттерді орындауға көмектеседі, деректерді автоматты түрде толтырады, қоңырауларды өңдейді.

Нейрондық желілердің болашағы

Алдағы уақытта нейрондық жүйелер мен желілер көбірек тапсырмаларды орындайтыны анық. Көптеген кәсіптер жойылып, олармен біррге жұмыс орындары азаяды.

Бүгінгі таңдағы басты сұрақ - жасанды интеллект өздігінен ойлай алады ма?

Бір жағынан, нейрондық желілер математикалық модель болуды тоқтатпайды, яғни шешімдерін есептеулер негізінде жасайды. Олар дәл (немесе соған  жақын) жауаптар беруі мүмкін, бірақ шешімдерін түсіндірмейді немесе адами факторларды ескермейді. Сондықтан, жүз пайыз сенім артуға әлі ерте. 

Екінші жағынан, адамзат өркениеті сияқты, нейрондық желілер үнемі жетілдірілуде. Сондықтан экономика, саясат салаларында маңызды шешім қабылдап жатса таң қалудың қажеті жоқ. 

TSARKA қолдауымен