Өнеркәсіптік әзірлеу бойынша халықаралық PROD олимпиадасы Қазақстанның жоғары сынып оқушыларын шақырады
Өнеркәсіптік әзірлеу саласындағы жоғары сынып оқушыларына арналған алғашқы халықаралық PROD олимпиадасы әлемнің барлық елінен 8-12-сыныпта оқитын, ағылшын тілінде сөйлейтін оқушыларды алғаш рет қатысуға шақырады.
Өнеркәсіптік әзірлеу – бұл ауқымды әлемдік АТ компанияларындағы мамандардың үлкен командалары әзірлейтін бағдарламалар мен технологияларды жасау үдерісі.
PROD – бұл мектеп оқушыларына арналған әлемдегі алғашқы олимпиада, онда жоғары сынып оқушылары ауқымды технологиялық компаниялардың нақты бизнес міндеттерімен танысып, бағдарламалық жүйелер мен бизнес-үдерістерді автоматтандыруды үйреніп, ұйымдардың тиімділігін арттырып, шығындарын оңтайландыруға көмектесетін өз қолданбалары мен қызметтерін әзірлей алады. Олимпиадаға қатысу оқушыларға саланың жетекші компаниялары қалай жұмыс істейтінін түсінуге және болашақта бизнес саласындағы сын-қатерлермен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық PROD олимпиадасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары сынып оқушыларына жоғары оқу орнына түспей тұрып-ақ болашағы зор АТ саласына еніп, өз кәсіби бағытын таңдауға мүмкіндік береді. Оқушылар практикалық дағдыларын дамытып, саланың жетекші мамандарынан құнды білім алып, командада жұмыс істеу және түрлі елдерден келген оқушылармен өзара әрекеттесу тәжірибесін жинай алады.
Халықаралық PROD олимпиадасының соңғы кезеңінен басқа барлық кезеңі онлайн форматта өтеді, бұл әлемнің кез келген нүктесіндегі оқушыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік береді. Финалға өткен қатысушылар командалық қорытынды кезеңге қатысу үшін Мәскеуге шақырылады. Олимпиаданы ұйымдастырушылар тамақтану мен тұру шығындарын өз мойнына алады.
Олимпиаданы Ресейдің жетекші ұйымдары мен академиялық қауымдастығы ұйымдастырады:
- Орталық университет – тәжірибеге негізделген білім берудің көшбасшыларының бірі және Ресейдің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді;
- «Т-Технологии» компаниялар тобы – жаһандық финтехтің негізін қалаушылардың бірі әрі әлемдегі ең ірі қаржылық онлайн экожүйелердің бірі;
- Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» (НИУ ВШЭ) Компьютерлік ғылымдар факультеті – Ресейдің ең ірі жоғары оқу орындарының бірі.
Қатысушылар Ресейде және әлемнің көптеген елінде финтех саласын қалыптастырған тәжірибелі АТ мамандардың басшылығымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Ресейдің ең ірі онлайн банкінің цифрлық экожүйесіне негізделген «Т-Технологии» компаниялар тобы мобильді және цифрлық қызметтерді дамытады, олар Ресей нарығында да, халықаралық деңгейде де эталон болып саналады. Командалар «Т-Технологии» компаниялар тобында жұмыс істейтін кәсіби тәлімгерлердің басшылығымен жобаларын әзірлейді. Бұл мамандар күн сайын бүкіл әлемдегі бәсекелестердің өнімдерінен технологиялық жағынан да, тиімділік тұрғысынан да озық қызметтер әзірлейді.
Мектеп оқушыларына арналған өнеркәсіптік әзірлеу бойынша халықаралық олимпиаданың сайты арқылы тіркеу 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Қатысу үшін бағдарламалау бойынша терең білімнің болуы міндетті емес. Логикалық ойлау мен информатика пәнінің негізгі бағдарламасын білу жеткілікті.
PROD олимпиадасы биыл үшінші рет өтеді, алайда алғаш рет халықаралық сипатқа ие болып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары сынып оқушыларына екі тілде – ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді болады.
2024 жылы олимпиадаға 10 000-нан астам өтініш түсті, ал іріктеуден Ресейдің түкпір-түкпірінен және Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Қытай мен Перу секілді 23 елден келген 4 мыңнан астам орыс тілді оқушы өтті. Финалда Мәскеуде Ресейдің 49 өңірінен және Беларусь елінен келген 235 жоғары сынып оқушысы бас қосты. Олардың ішінде 57 қатысушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңде қатысушыларға Орталық университеттің, «Т-Технологии» компаниялар тобының және НИУ ВШЭ-нің жетекші оқытушылары мен сарапшылары қолдау көрсетеді:
- 5-8 желтоқсан: алғашқы іріктеу кезеңі – математика мен бағдарламалаудың негіздерін білуге арналған тестілеу;
- 15-25 қаңтар: екінші іріктеу кезеңі – бір немесе бірнеше трек бойынша кейс шешу: фронтенд, бэкенд, мобильді әзірлеу және жаңа бағыт – MLOps инженериясы. Бұл кезеңге биылғы алғашқы кезеңнің және былтырғы екінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ өткен PROD хакатондарының жеңімпаздары қатыса алады;
- 12-24 ақпан: қорытынды кезеңнің жеке туры – олимпиада тапсырмасы бойынша шағын жобаны дербес әзірлеу;
- 13-17 наурыз: қорытынды кезеңнің командалық туры – тәжірибелі әзірлеуші тәлімгерлердің басшылығымен дайындалған жобаны командамен бірге қазылар алқасының алдында қорғау;
- 18 наурыз: Мәскеуде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегілерге ие болады:
- Russian Language & Cultural Linguistics Programme – шетелдік қатысушыларға арналған тегін орыс тілі курстары. Ол мектепті аяқтап, 18 жасқа толғаннан кейін қолжетімді болады;
- Ресейдің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Орталық университетке тегін түсу немесе «Ақпараттық өнімдерді жобалау және әзірлеу» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ НИУ ВШЭ компьютерлік ғылымдар факультетінің өзге де ақылы бағдарламаларына жеңілдікпен оқу мүмкіндігі;
- «Т-Технологии» компаниялар тобында тағылымдамадан өту үшін жеңілдетілген іріктеу кезеңі;
- PROD олимпиадасының брендтелген мерч-бұйымдары.
Орталық университет – жоғары білім беруде STEM тәсілін (Science, Technology, Engineering және Mathematics) енгізіп жүрген жаңа форматтағы ресейлік жоғары оқу орны. Бұл – елдегі 60-тан астам ірі ұйымның серіктестігімен құрылған тәжірибеге бағытталған университет. Орталық университет Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және түсу ең қиын алғашқы 10 университеттің бірі болып саналады. Орталық университет 2024 және 2025 жылдары Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI), сондай-ақ 2025 жылы Халықаралық киберқауіпсіздік олимпиадасында (ICO) елдің мектеп құрамасын үш рет жеңіске жеткізді. Ел құрамалары өте жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.
«Т-Технологии» компаниялар тобы – жеке тұлғалар мен бизнеске арналған қаржылық және лайфстайл қызметтер экожүйесін мобильді қолданбалар мен цифрлық қызметтер арқылы дамытатын технологиялық компания. Экожүйенің негізінде 53 миллион клиенті бар әлемдегі ең ірі онлайн банктердің бірі жатыр.