OpenAI мен Қазақстан ИИ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев OpenAI компаниясының Таяу Шығыс бойынша саясат және серіктестік жөніндегі жетекшісі Род Солаиманимен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылап, ІІ базасындағы eGov-ассистенттерін нақты уақытта сынақтан өткізді. OpenAI өкілі Қазақстанда әзірленген шешімдердің жоғары деңгейін атап өтті.
Тараптар бірқатар бастамаларды пысықтауда:
• Қазақстан азаматтарының қолданушылық тәжірибесін жақсарту үшін KazLLM моделін OpenAI өнімдеріне интеграциялау;
• мемлекеттік секторда ИИ-құралдарды ауқымдандыру, оның ішінде eGov AI мен Qazaq Law-ды ChatGPT-ге енгізу;
• ИИ-мамандарын даярлауға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу.
OpenAI ұсынысы бойынша Қазақстанда ИИ енгізудің озық кейстері жинақталған хендбук әзірленеді — бұл халықаралық серіктестер мен жергілікті нарық үшін пайдалы практикалық құрал болмақ.
Бұдан бөлек, OpenAI делегациясының Қазақстандағы маңызды іс-шараларға: C5+1 Tech Conference, Astana International Forum және Digital Bridge 2025-ке қатысуы күтілуде.