OpenAI “Strawberry” деп аталатын құпия жобаны әзірлеуде
OpenAI компаниясы “Strawberry” деп аталатын құпия жобаның әзірленіп жатқанын хабарлады. Автономды интернетке қосылу мүмкіндігі бар жаңа жоба компанияның өзінде мұқият қорғалған.
Strawberry жобасын жасаудағы негізгі мақсат - интернетте автономды және сенімді іздеу жұмыстарын жүргізу әрі нейрондық желіні құру.
Жоба авторларының айтуынша, бұл - жасанды интеллектің қосымшаларын дамытып, адам секілді ойлау дағдыларын қамтитын болады. OpenAI жаңа жоба туралы ақпаратты жоққа шығармады.
“Біз AI үлгілерінің әлемді адамдар сияқты көріп, түсінгенін қалаймыз. Жаңа AI мүмкіндіктерін үздіксіз зерттеу саладағы кең таралған тәжірибе болып табылады. Сондай-ақ біз бұл жүйелер болашақта олардың ойлау қабілеттерін жақсартатынына сенімдіміз”, - делінген хабарламада.