Отандық стартап Beneteria жаңа корпоративтік мәдениет қалыптастыру жолында

Бүгінде күллі әлем жасанды интеллектке ұмтылып жатқанда, кез келген бизнес үшінбасты бәсекелік артықшылық — адами капитал болып қала бермек. AstanaHub резиденттерінің бірі — қазақстандық Beneteria стартапы осыны нақты іспен дәлелдеп отыр.

Команда отандық компания қызметкерлерінің жеңілдіктер мен мотивацияға қатысты қалауларын зерттеген алғашқы талдауды жасап шықты. Beneteria жинаған аналитикаға сәйкес, қызметкерлердің 74%-ы әлеуметтік пакетті жеке қажеттіліктерге сай етіп бейімдегенін қалайды. Олар үшін барлығына ортақ тегін спортзал емес, спортты, онлайн-курстарды, психологты немесе балабақшаны өз еркімен таңдау мүмкіндігі маңызды. Сонымен қатар, HR-менеджерлердің жартысы қаржылық емес мотивацияға, яғни икемділікке, білімге және менталдық денсаулыққа деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Соған қарамастан, компаниялардың 60%-дан астамы әлі де стандартты, бәріне ортақ әлеуметтік пакетпен шектеліп отыр. Бұл өз кезегінде қызметкерлерді шабыттандырмайды, керісінше, немқұрайлылық туғызады екен.

Beneteria идеясы 2024 жылдың соңында пайда болған. Стартап компанияларға технологиялық платформа ұсынып, онда жұмыс берушілер қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакеттідер бестендіріп құрастыра алады. Атап айтқанда, жеңілдіктер маркетплейсі, жеңілдіктер каталогы және басқа да икемді опциялар қарастырылған. Бұлжай ғана бонус емес, бұл — қызметкерді жұмысқа ынталандырудың стратегиялық құралы.

Алғашқы нәтижелер бұл тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр: Beneteria-ның пилоттық жобасынан өткен компанияларда қызметкерлердің белсенділігі 20%-ға, ұжымда қалу деңгейі 5%-ға өскен, ал eNPS көрсеткіші (жұмыс берушіні басқа жұмыс іздеушілерге ұсыну деңгейі) 3–5%-ға артқан. Стартап бүгінде 10 компаниямен жұмыс істейді, Coca-Cola-мен пилоттық келісімшарт жасап, енді Орталық Азия нарығына шығуға дайындалып жатыр.

Ең маңыздысы — Beneteria жай ғана трендкеілесіп отырған жоқ, компания сол трендті өзі қалыптастырып отыр. Жүргізілген зерттеу — Қазақстанда қызметкерлердің не қалайтынын теория жүзінде емес, тәжірибе арқылы түсінуге бағытталған алғашқы қадам болып отыр. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қызметкерлерге икемділік, таңдау еркіндігі және өздеріне шын мәнінде қамқорлық жасалып жатқанын сезінумаңызды.

«Жасанды интеллект күнделікті өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді, дегенмен кез келген компанияның басты құндылығы — адам. Қызметкерлер риза болса, бизнес те табысты болады. Команда мүшелеріне қамқорлық таныту — бұл жай ғана қолдау емес, бұл бәсекеге қабілеттілікті арттыра түсетін артықшылық», — дейді стартаптың негізін қалаушы Оразалы Нұрсұлтан.

Бүгінде Beneteria тек IT шешіммен шектеліп қалған жоқ, ол компанияларға жылдар бойы қалыптасқан жүйені өзгертуге көмектеседі: яғни қарастырылған ресурстарды адамдардан үнемдемей, керісінше қызметкерлерге инвестициялау. Бұл — адами құндылық бірінші орынға қойылатын жаңа мәдениетке апарар маңызды қадам.

TSARKA қолдауымен