Oylan тілдік-көрнекі моделі Қазақстанда пилоттық режимде іске қосылды

Nazarbayev University жанындағы Ақылды жүйелермен жасанды интеллект институты (NU ISSAI) пилоттықрежимде Oylan моделін іске қосу арқылы жасандыинтеллект саласында үлкен серпіліс жасады. 

Oylan – кескіндер мен мәтінді өңдейтін, қазақ, орыс жәнеағылшын тілдерінде еркін жұмыс істей алатын қуаттымодельі. Бұл көптілділік модельді өте әмбебап етіп, Қазақстанда айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.

Oylan моделін оқыту үшін, ISSAI зерттеушілеріҚазақстан тарихындағы ең үлкен деректер жиынтығынәзірледі. Бұл ауқымды деректер жинағы елдің тілдік, мәдени және экономикалық ерекшеліктеріне мұқиятбейімделген 10 миллионнан астам сурет пен 50 миллионсұрақ-жауап жұбын қамтиды. Oylan білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қаржы сияқтысалаларда қолданылуы мүмкін.

“Деректер жинағы кескін жазу, визуалды сұрақ-жауап, оптикалық таңбаларды тану, құжаттарды талдау, диаграммаларды, графиктерді және кестелерді түсіну, математика, геометрия, физика сияқты әртүрлісалалардағы мәселелерді қамтидлы”, - деді Асқат Куздеуов, Аға деректер талдау сарапшы.

Шектеулі есептеу ресурстарына қарамастан, ISSAIкомандасы Oylan-ды тиімді оқыту үшін инновациялықәдістерді әзірледі. Oylan моделінің мүмкіндіктерінISSAI-дың арнайы жасалған https://oylan.nu.edu.kz платформасында пилоттық іске қосу арқылы зерттеугеболады, онда интуитивті өзара әрекеттесу үшіндауыстық функция да қолжетімді. Сонымен қатар, әзірлеушілер Oylan функционалын өз шешімдеріндепайдалану үшін API-ге қоса алады.

ISSAI бизнес, инвесторлар және әзірлеушілерді Oylanмоделін әрі қарай дамытуға және оның Қазақстанныңәртүрлі салаларындағы әлеуетін толық ашуға бірлесеүлес қосуға шақырады.

TSARKA қолдауымен