Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумында Қазақстанда Telegram-ның ЖИ-зертханасын таныстырды

Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Қазақстан ол үшін ең сүйікті елдердің бірі болып қала береді, себебі мұнда білім, отбасылық құндылықтар және қарқынды технологиялық даму ерекше үйлесім тапқан. Ол жасанды интеллекттің тек қана сын-қатерлер әкелмей, сонымен бірге адамзатқа жаңа міндеттерді шешуге көмектесетін үлкен мүмкіндіктер ұсынатынын атап өтті.

«Бұл – молшылық дәуірі. Біз еңбек етіп, инвестиция салып, процестің мәнін түсініп қарауымыз керек», – деді ол.

Негізгі мәлімдемелердің бірі Қазақстанда Telegram-ның жасанды интеллект зертханасын ашу туралы болды. Ол ЭКСПО аумағындағы Alem.ai орталығында орналасады. Алғашқы жоба Қазақстанның суперкомпьютерлік кластерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

«Бұл технология бір миллиардтан астам адамның жасанды интеллект функцияларын жеке тәртіпте децентрализденген компьютерлік жүйе арқылы пайдалануына мүмкіндік береді», – деп хабарлады Дуров.

Telegram негізін қалаушының сөздері мен бастамалары форумның басты оқиғаларының біріне айналып, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытудағы өңірлік орталық ретіндегі рөлін айқындады.

TSARKA қолдауымен