Петропавл қаласында Қазақстан стартаптары мен IT-таланттарына арналған жаңа орталық ашылды

Бүгін Петропавл қаласында SKO Hub — Қазақстанның 18-өңірлік IT-хабының ашылусалтанаты өтті.  IT-хаб Astana Hub, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылып, өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтудағы маңызды қадам болды.

Хаб стартаптардың дамуы үшін қажетті қолдау ұсынатын кеңістікті құруға бағытталса, жас таланттар IT-саласында табысты мансапқа қажет білім мен дағдыларды ала алады. Хаб міндеттеріне IT-білім беруді дамыту ғана емес, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерлікке қолайлы экожүйені қалыптастыру, цифрлық бастамаларды ынталандыру мен Солтүстік Қазақстан облысындағы цифрлық трансформация процестерін жеделдету кіреді.

«SKO Hub  өңіріміздің IT-экожүйесін дамытудағы жаңа қадам. Ол жастар мен IT-инфрақұрылымды дамытуға мүдделі тұлғалар үшін тартылыс орталығына айналады деп күтіліп отыр. Өйткені оларда өзгеріс пен дамуға қажет зор әлеует бар», деді Руслан Әлішев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

Хаб жұмысы аясында технологиялық экожүйеге қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін инкубациялық бағдарламалар, білім беру курстары, семинарлар мен митаптар, воркшоптар, форумдар, хакатондар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

«SKO Hub-тың ашылуы  Қазақстанда тұрақты технологиялық инфрақұрылымды құру жөніндегі стратегияның бір бөлігі. 2024 жылы Astana Hub он сегізінші хабты ашты, бұл ел көлеміндеинновациялық жобаларды қолдау орталықтарының бірыңғай желісін құрудағы маңызды бастамаболады»,  деп қосты Аида Дусова, Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 өңірлік IT-хаб белсенді жұмыс істеп тұр, 1700-ден астам іс-шара, оның ішінде 18 халықаралық форум өткізілді. Бұл бастамалар 50 мыңнан астам қатысушыны тартты және 440 стартап-жобалардың құрылуына ықпал етті. 200-ге жуық IT-компания Astana Hub экожүйесіне қосылды, бұл елдегі цифрлық технологиялар мен инновациялардың дамуына септігін тигізеді.

Өңірлік хабтар ашылғаннан бері 450 стартап-идея әзірленді, Qostanai Hub және Kyzylorda Hub-та GameDev орталықтары бар. Сонымен қатар, 1555 IT-компания, оның ішінде 186-сы Қазақстан өңірлерінен Astana Hub-та технологиялық экожүйенің қатысушылары ретінде тіркелген, бұл өңірлердегі IT-сектордың дамуына үлес қосады.

SKO Hub-тың ашылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инновациялық инфрақұрылым құруға және жас таланттар мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған стратегиясын қолдайды. 

TSARKA қолдауымен