e-qazyna.kz платформасы 23 қазаннан бастап жер қойнауын пайдаланушыларға арналған порталдың орнын басады
2024 жылғы 23 қазан мен 1 қараша аралығында minerals.gov.kz порталы жаңа e-qazyna.kz платформасына ауысу кезінде өшіріледі, деп хабарлады Индустрия және құрылыс министрлігі. Ауысу аясында жер қойнауын пайдаланушылар жаңа платформада электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қайта тіркеуден өтуі тиіс.
e-qazyna.kz платформасы Қазақстандағы геологиялық және тау-кен процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі болып табылады, ол мемлекеттік деректермен және қызметтермен жұмыс істеуді жеңілдетуге және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа платформада пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерге ие болады:
• Жерасты сулары, емдік батпақтар және қатты пайдалы қазбалар бойынша барлау, өндіру, аралас операциялар үшін жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу.
• Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер мен жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын өзгерту туралы қосымша келісімдер жасау.
• Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш беру және жою қорын пайдалануға рұқсат алу.
• Топырақты тасымалдауға рұқсат алу, жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар алу.
ЛКУ бойынша лицензиялар, келісімшарттар және есептер туралы сұрақтар үшін байланыс нөмірлері:
• Лицензиялар бойынша: +7 701 999 1382
• Келісімшарттар бойынша: +7 705 650 3487
• ЛКУ есептері бойынша: +7 708 188 2575