Президент: тотальды цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады

«Агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі цифрландыру және автоматтандыру мәселелері үнемі назарда болуы тиіс. Бұл бағытта бізде жақсы нәтижелер бар. Соңғы 5 жылда елдегі цифрлық фермерлік шаруашылықтардың саны 6 есе өсті және қазір олардың саны екі жүзден асты. Бұл, шын мәнінде, болашақ кәсіпорындары, онда озық технологиялар кеңінен енгізілуде. Алайда қол жеткізілген жетістіктермен тоқтап қалуға болмайды.

Саланың барлық қызметтері мен процестерін электрондық форматқа көшіруді жеделдету қажет. Субсидиялар мен жеңілдіктерді алудың алгоритмдері аграрийлер үшін барынша қарапайым және түсінікті болуы керек, ал олар туралы ақпарат – қолжетімді әрі мазмұнды болуы қажет. Өндірістің барлық кезеңдерінде дәлме-дәл есеп жүргізу, бақылау және болжау жасанды интеллект пен «үлкен деректерді» пайдалану арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Жалпы, тотальды цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, көлеңкелі сектордың үлесін азайтуға ықпал етеді және саланы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдірудің маңызды факторы болмақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында.

TSARKA қолдауымен