QazTech және Qarmet альянсы Қазақстандағы металлургияны цифрландыру мен технологиялық дамуды талқылауда

QazTech технологиялық компаниялар альянсы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевпен кездесу өткізді. Ол қазақстандық кәсіпорындарды қалпына келтіру және дамыту жобаларымен, сондай-ақ қазақстандық мамандарды өсіріп, қолдаумен танымал.

Андрей Лаврентьев елдегі ірі металлургиялық кәсіпорын – Qarmet-ті дамыту мәселелері мен маңызды міндеттері туралы айтып берді. Компания технологиялық жаңғыртуға, өндіріс тиімділігі мен экологиялық тазалығын арттыруға, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарға сай еңбек қорғауға бағыт алды. Бұл жоспарларда Қазақстанда жасалатын озық технологияларды енгізуге үлкен рөл беріледі.

«Біз өндіріс процесін жақсарту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз және өз жұмысымызға отандық ғылым мен инновацияларды, қазақстандық табысты технологиялық компанияларды тарту біз үшін өте маңызды. Біз QazTech технологиялық компаниялар альянсымен ынтымақтасуға және озық әрі шығармашылық технологияларды енгізуге дайынбыз», – деді А. Лаврентьев.

Өз кезегінде Альянсқа мүше технологиялық компаниялар өнеркәсіпті роботтандыру, еңбек қауіпсіздігі, деректерді цифрлық басқару, өндіріс қызметкерлерін оқытуға арналған виртуалды және толықтырылған шынайылық, өндірісті және қойма басқаруды автоматтандыру жүйелері сияқты салалардағы өздерінің озық технологияларын таныстырды.

QazTech қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Axiom Capital компаниясының бас директоры Болат Башеев атап өтті:

«Qarmet басшылығына қазақстандық технологиялық бизнесті дамытуға ашықтық танытып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Біздің технологиялық кәсіпкерлер Qarmet-тің алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін өзекті технологияларды ұсынады деп сенемін».

TSARKA қолдауымен